Журнал туралы
Gumilyov Journal of History ‒ рецензияланатын халықаралық ашық қолжетімді ғылыми-теориялық журнал. Басылымның мақсаты - жетекші creative hub алаңына айналып, Қазақстан (Отан тарихы) мен Евразия тарихының барлық аспектілеріне арналған, шығыстан батыс шекараларына дейінгі ауқымда тарихи зерттеулерді ілгерілететін, сондай-ақ бұл аймақтарды ғаламдық контексте (Дүниежүзі тарихы) қарастыратын мақалаларды қолдау. Журналдың негізгі тақырыптық бағыттары: Археология, Дүниежүзі тарихы, Отан тарихы. Gumilyov Journal of History ‒ 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарих ғылымдары. Философия. Дінтану» сериясының алғаш рет 1995 жылы жарық көрді. Журналдың құрылтайшысы ‒ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ, Орталық Азияның жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының бірі. Университет академиялық ғылымды, пәнаралық зерттеулерді және ғылыми білімді насихаттауға айтарлықтай үлес қосып келеді. Еуразия кеңістігіне белгілі тұлға Лев Николаевич Гумилевтің есімімен аталған университет тарихи процестерді терең зерттеу дәстүрлерін пәнаралық зерттеу әдістеріне, ғылыми қолдауға, әдістемелік негіздерге және бай академиялық ресурстарға сүйене отырып жүзеге асырады.
Журналдың миссиясы – Қазақстан тарихы мен Евразия құрлығының тарихына арналған үздік теориялық, эмпирикалық және аналитикалық ғылыми жұмыстарды ұсыну мүмкіндігі мен өзекті аймақтық тақырыптық бөлімдер бойынша жұмыс істейтін, атап айтқанда археология, историография, деректану, этнография және этнология ғалымдарын біріктіру. Журналдың бренді тарихты зерттеуде бірегей тақырыптық бағыттарды үйлестіретін пәнаралық және салааралық синтезге құрылуы болып табылады.
Gumilyov Journal of History – Еуразиялық контексте және одан тыс жерлерде тарихи процестерге қызығушылық танытатын кәсіби тарихшыларға, зерттеушілерге, оқытушыларға, ізденушілерге және студенттерге бағытталған. “Gumilyov Journal of History” түпнұсқа ғылыми мақалаларды, шолулар мен кітаптарға рецензияларды, архивтік зерттеулерді және аналитикалық материалдарды жариялайды.
Құрылтайшы және баспагер: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ
Мерзімді баспа басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті қайта есепке алу туралы куәлік № KZ41VPY00111229 2025 жылғы 31 қаңтарда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан берілген.
ISSN (баспа нұсқасы) 3080-129Х
ISSN (онлайн нұсқасы) 3080-6860
Қайта атау тарихы:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарих ғылымдары. Философия. Дінтану – 1995-2024 жж.
Gumilyov Journal of History – 2025 ж.
Шығатын уақыты: Жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан)
Шығу тілі: қазақша, ағылшынша, орысша
Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым мен жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енген.
"Online First" ‒ баспаға қабылданған жұмыстың шығу деректерімен, DOI идентификаторымен Crossref деректер базасында тіркелген (жарияланғаннан соң өзгертілмейді) және PDF форматындағы алдын ала баспа нұсқасын жүктеу қолжетімді. Оқырман мақаламен біздің сайттағы «баспаға қабылданды» бөлімінде танысып, алады, ал авторлар оны ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде ресми есептерде жарияланғандай көрсете алады.
Ағымдағы шығарылым
Барлық шығарылымдар
АРХЕОЛОГИЯ
-
Археологиялық контексте «жерлеу салты» және «жерлеу ғұрпы» ұғымдарын нақтылау Ғылыми мақала
Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 74 / PDF жүктеулері: 18 -
Орталық Қазақстанның көне жәдігерлерін зерттеуші Л.Ф.Семеновтың қызметі туралы кейбір материалдар Ғылыми мақала
Қаралымдар: 140 / PDF жүктеулері: 65 / PDF жүктеулері: 15 -
Қола дәуірінің саздан жасалған ыдыстарын морфологиялық талдау(Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің материалдары бойынша) Ғылыми мақала
Қаралымдар: 78 / PDF жүктеулері: 47 / PDF жүктеулері: 20
ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ
-
Мысырдағы ерте бахриттік кезеңдегі мамлүк мемлекетінің зерттелуіндегі Байбарс әл-Мансури ан-Насиридің «Хижра тарихындағы ой қаймақтары» хроникасы Ғылыми мақала
Қаралымдар: 177 / PDF жүктеулері: 87 / PDF жүктеулері: 14 -
Түрік ұлтшылдығының тарихи және идеологиялық тамырлары Ғылыми мақала
Қаралымдар: 189 / PDF жүктеулері: 116 / PDF жүктеулері: 17
ОТАН ТАРИХЫ
-
Тәуелсіз Қазақстанның ел қорғанысын негіздеп, дамытудағы қызметі және оның саяси - тарихи маңызы Ғылыми мақала
Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 71 / PDF жүктеулері: 12 -
1927 жылы Қазақ АССР бойынша кеңестерді қайта сайлау қорытындылары туралы мәселеге Ғылыми мақала
Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 52 / PDF жүктеулері: 17 -
Мырзағазы Есполовтың Түркістан АКСР-дағы аграрлық саясатты жүзеге асыруға қатысуы Ғылыми мақала
Қаралымдар: 279 / PDF жүктеулері: 415 / PDF жүктеулері: 20 -
Қазақ АССР-індегі жергілікті сайлау саяси жұмылдыру құралы ретінде: Павлодар Ертіс облысының аймақтық жағдайы (1920–1930 жж.) Ғылыми мақала
Қаралымдар: 86 / PDF жүктеулері: 52 / PDF жүктеулері: 16 -
Қазақтардың өзбек хандықтарымен XVIII ғасырдағы тарихи байланыстары жаңа замандағы Орталық Азиялық авторлардың шығармаларының мәліметтері бойынша Научная статья
Қаралымдар: 332 / PDF жүктеулері: 127 / PDF жүктеулері: 15













