Дала өлкесі – «өзге Ресей» ретінде: ХІХ ғасырдың екінші жартысы менХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көзқарастары

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 261 / PDF жүктеулері: 208

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-152-3-79-93

Түйін сөздер:

Дала өлкесі, делдалдық, дискурс, отарлау, этномәдени бірегейлік, қазақ зиялылары, өкілдіктер, аймақ бейнесі
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ зиялыларының жеке жазбалары мен Дала өлкесіндегі ресейлік қоғамның білімді өкілдері арасындағы дискурстар негізінде, өңірге, оның тарихы мен болашағына қатысты қазақ ғалымдары, қоғам және саясат қайраткерлері, ұстаздар мен публицистердің көзқарас үлгілері айқындалады. Зерттеудің пәнаралық сипаты мен «жаңа мәдени-интеллектуалдық тарих» пен «жаңа биографиялық тарих» әдіснамаларына сүйену арқылы қазақ зиялыларының Дала өлкесіне қатысты көзқарастары біртұтас аймақтық бейне ретінде қалыптасқан күрделі, көпқырлы әрі динамикалық менталдық құрылым болғаны анықталды. Бұл бейне империяның жоғарғы және өңірлік деңгейдегі билік құрылымдарының дискурстарының нәтижелерін де өз бойына сіңірген. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы зерттеушілік тәжірибе  мен тарихнамалық дәстүрлерге сүйене отырып, авторлар қазақ зиялыларының – өз заманында империялық «халық саясаты» аясында Дала өлкесіне тартылған тектік-аристократиялық топ өкілдерінің – болмысында орын алған күрделі сәйкестік эволюциясын көрсетеді. Бұл эволюция бастапқыда «дуалдық» (қосарланған) сипатта болса, кейін «гибридті» (аралас, күрделі) түрге айналды. Дуалдық сәйкестік – Ресейдің саяси құрылымдары, білім беру мен тәрбиелеу институттары және мәдениетаралық қатынас тәжірибелері ықпалымен қалыптасқан – Дала өлкесін Ресейдің ажырамас, бірақ өзіндік, өзгеше бөлігі ретінде қабылдаудың негізі болды. Бұл «өзге Ресей» бейнесі – орыс отырықшы халқы мен қазақ көшпелі жұрты мәдениеттерінің өзара ықпалдастығынан туындаған кеңістік ретінде қарастырылды. Алайда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының империялық бюрократия тарапынан көрген әлеуметтік әділетсіздіктері мен дискриминациялық тәжірибелері нәтижесінде бұл бейне өзгеріске ұшырады. «Өзге Ресей» образы енді «жоғалған Отан», «жұмақтың жұрнағы» сынды ностальгиялық категориялармен өріліп, оны қайтару тек ұлттың бірлігі мен империялық билікке қарсы пассивті қарсылық түрлерін дамыту арқылы ғана мүмкін деп пайымдалды. Бұл қарсылық билік тарапынан таңылған әлеуметтік мінез-құлық нормаларын айналып өту, елемеу, бойсынбау тәжірибелері арқылы көрініс тапты. 1905–1907 жылдардағы революциялық оқиғалар мен одан кейінгі реформалар қазақ зиялыларының саяси радикализация процесін үдетіп, олардың қоғамдық өмірді ұйымдастыру мен тұрмыстық шаруашылық формаларына деген көзқарастарына тікелей әсер етті. Қазақ зиялыларының ресейлік саяси жер аударылғандармен, әсіресе сепаратистік идеяларды ұстанушылармен жақындасуы қоғам санасындағы. Дала өлкесінің бейнесін қайта қалыптастырып, оған айқын антиимпериялық мазмұн дарытты

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Абсатарова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан

    Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы

  • М. Утегенов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

    тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор тарих, география және әлеуметтік-
    гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі

  • Ж. Мажитова, Астана медицина университеті, Астана, Қазақстан

    тарих ғылымдарының докторы, профессор, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры

Әдебиеттер тізімі

Absattarova Zh., Mazhitova Zh. Factors of formation of socio-cultural identity of Kazakh intelligentsia in the Imperial period (mid-19th – early 20th centuries): Research. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Historical Sciences. Philosophy. Religious Studies. 2024. Vol.149, no.4, pp.177-193. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-149-4-177-193 DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-149-4-177-193

Adas M. From Avoidance to Confrontation: Peasant Protest in Precolonial Southeast Asia. Comparative Studies in Society and History. 1981. No.23(2), pp 217–247. DOI: https://doi.org/10.1017/S0010417500013281

Altynsarin I. Collected Works in 3 volumes. Volume 3. Alma-Ata: Science of the Kazakh SSR. 1978. Pp.11-33.

Barrett T. Lines of Uncertainty: Russia's North Caucasian Frontier. In: American Russian Studies: Milestones of Recent Historiography. The Imperial Period. Samara: Samara University. 2000. Pp.163–194.

Bekker S. Russia and the Concept of Empire. In: The New Imperial History of the post-Soviet space: Collection of articles (Library of the journal “Ab imperioˮ). Ed. by I. Gerasimova, A. Kaplunovskogo, M. Mogilner, A. Semenova. Kazan. 2004. Рp.67–81.

Celebration in St. Petersburg and Moscow on October 26, 1581. St. Petersburg: F. Eleonsky's Printing House. 1882. 42 p.

Dzherasi R. A Window to the East: Empire, Orientalism, Nation, and Religion in Russia. Moscow: New publishing house. 2013. 548 p.

Etkind A. Internal colonization. Russia's imperial experience. Moscow: New Literary Review. 2013. 448 p. DOI: https://doi.org/10.1353/imp.2013.0081

Fillips N., Iorgensen M. Discourse Analysis. Theory and Method. Kharkiv: Humanitarian Center. 2008. 352 p.

Filyushkin A. The Moscow Neonatal Empire: On the Categories of Political Practice. Bulletin of St. Petersburg University. History. 2009. No.2, pp.5-20.

Katkov M.N. The Ideology of Conservatism. Moscow: Institute of Russian Civilization. 2009. 800 p.

Khodarkovskii M. Russia's Steppe Borders: The Creation of a Colonial Empire, 1500-1800. Moscow: New Literary Review. 2019. 352 p.

Kozybaev M.K. The history of Russia is the history of a country that is being colonized. Metropolitan Review. 1998. May 8.

Lor E. Russian Nationalism and the Russian Empire. Moscow: New publishing house. 2012. 304 p.

Malakhov V. The politics of difference. Cultural pluralism and identity. Moscow: New publishing house. 2023. 288 p.

Mazhitova Zh.S. Discussion on ways to reform the court of biys in the pre-revolutionary Russian historiography (the middle of XIX – beginning of XX centuries). Bulletin of Abai Kazakh National Pedagogical University. Series “Historical and Social and Political Sciences. 2016. No.3(50), pp.184-190.

Potanin G.N. Biographical information about Ch. Valikhanov. Works by Chokan Chingizovich Valikhanov. St. Petersburg: Printing House of the Main Department of Estates. 1904. Pp. ХХХI-ХХХIII.

Potanin G.N. Our Dreams. Ch.Ch. Valikhanov. Collected Works in 5 volumes. Т. IV. Alma-Ata: Science of the Kazakh SSR. 1968. 688 p.

Prokhorov I. They are little-known, but they are worth attention. Kazakhstanskaya Pravda. 2021. August 20, pp. 4-6.

Remnev A.V. The 300th Anniversary of Siberia's Joining Russia: Waiting for a “New Historical Period.ˮ Cultural Studies in Siberia. 2007. No.1, pp.34-50.

Repina L., Zvereva V., Paramonova M. History of Historical Knowledge. Textbook for Higher Education Institutions. Moscow: Drofa. 2004. 288 p.

Russia. A Complete Geographical Description of Our Fatherland. A Desk and Travel Book for Russian People. Vol. 8. The Kirghiz Region. Ed. by V. Semyonov. St. Petersburg: A. Devrien Publishing House. 1903. 478 p.

Ternova I.K., Isetov R.K. A life illuminated by struggle. Dedicated to the 125th anniversary of the birth of Akhmet Baitursynov. Kostanay: Kostanay Printing House. 1998. 75 p.

Tolts V. “Russia's Own Eastˮ: Identity Politics and Oriental Studies in the Late Imperial Period. Moscow: New Literary Review. 2013. 336 p.

Tokmurzayev B., Churkin M., Zhangaliev U., Mamraimov S. “Own Foreigners” in the Imperial Project of Colonial Mediation in the Eastern Suburbs of Russia in the mid ХIХ – early ХХ centuries. Bylye Gody. 2025. No.20(2), pp.780–790. DOI: https://doi.org/10.13187/bg.2025.2.780

Valikhanov Ch.Ch. On the Nomads of the Kirghiz. Works by Ch. Valikhanov. St. Petersburg: Printing Office of the Main Directorate. 1904. Pp.321–326.

Vert P. From Resistance to Subversion: The Power of Empire, the Resistance of the Local Population, and Their Interdependence. In: The Russian Empire in Foreign Historiography. Recent Works: Anthology. Moscow: New publishing house. 2005. Pp.48–83.

Vert P. Orthodoxy, Heterodoxy, and Non-Orthodoxy. Essays on the History of Religious Diversity in the Russian Empire. Moscow: New publishing house. 2012. 280 p.

Yadrintsev N. Siberian Indigenous Peoples, Their Way of Life, and Current Situation. Tyumen: Y. Mandriki Publishing House. 2000. 336 p.

Жарияланды

2025-08-30

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ