Хабарландырулар
Редакция алқасының ресми хабарламасы
ҚҰРМЕТТІ АВТОРЛАР МЕН РЕЦЕНЗЕНТТЕР!
Gumilyov Journal of History редакциясы журнал сайты арқылы жіберілетін қызметтік хаттарды жеткізуге қатысты маңызды ақпаратқа назар аударуларыңызды сұрайды: Gumilyov Journal of History.
mail.ru, yandex.ru, bk.ru және Mail Group экожүйесіне кіретін өзге де пошта сервистерінің техникалық шектеулеріне байланысты хаттарды жеткізуде жаппай қиындықтар туындауда:
- хаттар мүлде жеткізілмеуі мүмкін;
- хаттар «Спам» немесе «Жойылғандар» қалталарына түсіп кетуі мүмкін;
- мақаланы жіберу, рецензиялау және редакциямен хат алмасу кезеңдерінде байланыс үзілуі мүмкін.
Мұның себебі біздің журнал жұмыс істейтін Open Journal Systems (OJS) платформасынан жіберілетін автоматты хабарламаларды бұғаттайтын пошта жүйелерінің қатаң сүзгілері болып табылады.
Осыған байланысты төмендегі ұсынымдарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
- Платформада тіркелу кезінде корпоративтік немесе институционалдық электрондық пошта мекенжайларын пайдаланыңыз (мысалы: @enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz және т.б.).
- Балама ретінде Gmail пошта мекенжайларын (@gmail.com) пайдалануға болады, өйткені олар жүйелік хабарламаларды дұрыс қабылдайды.
- Төмендегі домендермен аяқталатын пошта мекенжайларын пайдаланбаған жөн: @mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru.
Егер сіз осы мекенжайлардың бірімен тіркелген болсаңыз, платформадағы жеке профиліңізде электрондық пошта мекенжайын өзгерте аласыз.
Құрметпен,
Gumilyov Journal of History
Редакциялық алқа