Авторлық құқық

Gumilyov Journal of History редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңына сәйкес халықаралық келісімдерге бағынады.

Осы журналда жарияланған авторлар төмендегілермен келіседі:

  • Авторлар журналда қабылданған өзіндік архивтеу саясатына сәйкес өз еңбектерін тарату құқығын сақтайды (толығырақ қараңыз).
  • Авторлар өз жұмыстарын интернетте (мысалы, институттық репозиторийде немесе жеке веб-сайтта) орналастыруға құқылы. Бұл жұмыстар осы журналда қарастырылып жатқанда немесе одан бұрын жүзеге асуы мүмкін, өйткені ол нәтижелі талқылауға және осы жұмысқа сілтемелердің көбеюіне әкеледі (Қараңыз: The Effect of Open Access).
  • Мақаланы ұсыну кезінде авторлар журналдың редакциялық және жариялау Саясатымен келіседі және оны авторлық міндеттеме беру арқылы растайды. Мақаланы жариялауға қабылдағаннан кейін авторлар журналға қарапайым (эксклюзивті емес) лицензия шарттарымен бірінші жариялау құқығын бере отырып, лицензиялық келісім жасайды.
  • Журналда жарияланған еңбектердің  таратылу шарттары Журналдың электронды нұсқасында - Creative Commons Attribution–NonCommercial–NoDerivatives 4.0 International (CC BY-NC-ND 4.0) лицензиясы бойынша ашық қолжетімді түрде; 

  • Авторлардың редакцияға жіберген қолжазбасы тек редакциялық алқа мен бас редактордың шешімі бойынша жарияланады. Редакциялық алқа мен бас редактор өз шешімдерін мақаланы қарастыру барысында алынған рецензенттердің қорытындыларына сүйене отырып қабылдайды. Рецензиялау процедурасы туралы толығырақ осында.

Авторлар берген жариялау құқығы баспаға еңбекті келесі тәсілдермен пайдалануға мүмкіндік береді:

  • -Мақаланы немесе оның жекелеген бөлігін, сондай-ақ мақаланың метадеректерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кез келген материалдық түрде, оның ішінде қағаз және электрондық тасымалдағыштарда, жеке шығарма ретінде журналдарда және/немесе деректер базасында (жергілікті немесе Интернет желісінде) Баспа және/немесе басқа тұлғалар тарапынан, Баспа шешімі бойынша, пайдалану;.
  • - Мақаланы немесе оның жекелеген бөлігін, сондай-ақ мақаланың метадеректерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кез келген тұлғаның өз қалауы бойынша кез келген жерден және барлық уақытта пайдалана алатындай етіп (Интернетті қоса алғанда) жалпыға қолжетімді ету;
  • - Мақаланы немесе оның жеке бөлімдерін, сондай-ақ мақаланың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі метадеректерін көпшілікке жария ету, осылайша кез-келген жерден және кез-келген уақытта жеке таңдауы бойынша (соның ішінде интернет арқылы) Мақалаға қолжетімді ету;
  • ‒ Мақаланы және оның жекелеген бөліктерін үшінші тұлғаға пайдалану құқығын беру тек Creative Commons Attribution–NonCommercial–NoDerivatives 4.0 International (CC BY–NC–ND 4.0) лицензиясы шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл туралы Авторға Журналдың сайтына тиісті ақпаратты орналастыру арқылы хабарланады.;
  • ‒ Осы келісімде тікелей Баспагерге берілмеген басқа құқықтар, оның ішінде мақалада сипатталған кез келген процестерге, әдістерге немесе тәсілдерге арналған патенттік құқықтар, сондай-ақ тауар белгілеріне қатысты құқықтар Авторда сақталады.