Қимақтардың әйелдер әшекейлері археологиялық материалдар негізінде

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 36

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-152-3S1-201-216

Түйін сөздер:

жіктеу, жерлеу рәсімдері, киім, орнитоморфтық бейнелер, символика, торевтика, қалпына келтіру, қоғам, әйел, әшекейлер

Аңдатпа

Археологиялық материалдар Еуразия далаларында өмір сүрген ортағасырлық халықтардың киім үлгілерін қалпына келтіруде маңызды негіз болып табылады. Обь-Ертіс аралығы аймағындағы жерлеу орындарын зерттеу нәтижесінде ежелгі халықтардың өмір салтының әртүрлі қырларын, соның ішінде киімге қатысты маңызды мәліметтер алынды. Киім өткен дәуірлер жайлы түсінік беретін маңызды дереккөз, себебі ол мәдени дәстүрлерді, дүниетанымды және иесінің әлеуметтік мәртебесін көрсетеді. Ортағасырлық кезеңге жататын 17 әйел адамның қабірін зерттеу негізінде сол дәуірдегі әшекейлердің орналасқан орны, жасалған материалы, сәндік элементтері секілді мәліметтер дайындалды. Бұл қабірлер Обь пен Ертіс өзендерінің арасындағы аймақта, яғни Қимақ қағанаты орналасқан жерде зерттелген. Қимақ әйелдерінің киімі әртүрлі сәндік безендіруімен ерекшеленген, әсіресе бас аймағында әшекейлердің тығыз шоғырланғаны байқалады. Сәндік элементтердің негізгі бөлігін торевтика бұйымдары құраған – бұл дербес қолданылған құйма металл әшекейлер. Жиі кездесетін бұйымдар қатарында ілгек-салпыншақтар, самайға тағылатын салпыншақтар, айна сынықтары және бас киімдермен байланысты болуы мүмкін, түйреуіштер, жоғарғы жақ әшекейлері мен пронизь әшекейлер бар. Пішіні мен материалының әртүрлілігі біртұтас стандарттың болмағанын көрсетеді. IX–XI ғасырлардағы Қимақ әйелдерінің киім үлгісі утилитарлық және символикалық мәнге ие металл әшекейлердің синтезінің айқын мысалы. Ерекше сипаттардың бірі – әшекейлердің тік бағытта, көбіне дененің сол жақ бөлігінде, бастан белге дейін орналасуы. Әсіресе орнитоморфтық бейнелермен безендірілген бұйымдар ерекше қызығушылық тудырады. Бас аймағы сәндік элементтерге ең бай болып табылады, бұл жерде бас киімнің жоғарғы жағының әшекейлері, түйреуіштер және мифологиялық әрі шынайы құстардың (феникс, грифон, су құстары) бейнесі бар шашқа тағылатын әшекейлер кездеседі. Торевтика бұйымдары басқа әшекей түрлерінен басым түседі. Ал моншақтар сирек кездеседі және тек жекелеген жерлеу орындарынан табылған (басым бөлігі бір обадан анықталған – 180 дана). Кеуде, бел және қол аймақтарынан өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген салпыншақтар, пластиналар, сақиналар мен білезіктер табылған. Кейбір бұйымдар киімге бекітілген, сөмкеде сақталған немесе белдікке ілінген болуы мүмкін. Осы материалдардың барлығы киім құрылымын, оның салттық және әлеуметтік маңызын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Киімде адамның жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі жайлы ақпарат көрініс табады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Б. Хасенова, Ә. Марғұлан атындағы Археология институты, Астана, Қазақстан

    PhD, жетекші ғылыми қызметкері

Әдебиеттер тізімі

Ageeva E., Maksimova A. Otchet Pavlodarskoj arheologicheskoj jekspedicii 1955 g. In: Proceedings of the Institute of History, Archaeology and Ethnography of the Kazakh SSR. Almaty. 1959. No.7, рp.32–58.

Arslanova F. Keramika rannesrednevekovyh kurganov Kazahstanskogo Priirtysh'ja. In: Medieval antiquities of the Eurasian steppes. Moscow: Nauka Publ. 1980. Pp.79–104.

Arslanova F. Kul'tovye predmety iz zhenskih zahoronenij Priirtysh'ja. In: Methodological aspects of archaeological and ethnographic research in Western Siberia. Tomsk. 1981. Pp.48–49.

Arslanova F. Obraz pticy na golovnyh uborah kimakskih zhenshchin. In: Margulan readings: conference materials. Almaty. 1989. Pp.156–164.

Arslanova F. Jazycheskaja simvolika v obrjadovoj zhenskoj odezhde kimakov i kypchakov. Vtorye istoricheskie chtenija pamjati M. Grjaznova. In: Abstracts of the reports of the Republican scientific conference. Omsk. 1992. Part 2. Pp.83–86.

Arslanova F. Zhenskie pogrebenija IX–X vv. s busami iz Kazahstanskogo Priirtysh'ja. Voprosy arheologii Kazahstana. In: Collection in memory of M.K. Kadyrbayev. Edited by Z. Samashev. Almaty-Moscow: Nauka Publ. 1998. Issue 2. Pp.97–109.

Arslanova F. Zhenskie ukrasheniya kimakov i kypchakov. Ocherki srednevekovoj arheologii Verhnego Priirtysh'ja. Arslanova F. In: Materials and research on the archaeology of Kazakhstan. Edited by Z. Samashev; compiled by B. Khassenova. Astana: Publishing group of the Branch of А. Margulan Institute of Archaeology in Astana. 2013а. Vol.III, рp.91–122.

Arslanova F. Ocherki srednevekovoj arheologii Verhnego Priirtysh'ja. Arslanova F. In: Materials and research on the archaeology of Kazakhstan. Edited by Z. Samashev; compiled by B. Khassenova. Astana: Publishing group of the Branch of А. Margulan Institute of Archaeology in Astana. 2013b. Vol.III, 406 p.

Arslanova F., Klyashtorny S. Runicheskaja nadpis' na zerkale iz Verhnego Priirtysh'ja. Turkological collection. Moscow. 1973. Pp.306–315.

Arheologicheskie pamjatniki v zone zatoplenija Shul'binskoj GJeS. Almaty. 1987. 280 p.

Korol G., Konkova L. Torevtika malyh form IX–XI vv. iz raskopok I. Armstronga. In: Cultural and ecological areas: interaction of traditions and cultural genesis. Saint Petersburg. 2007. Pp.228–248.

Mogilnikov V. Kochevniki severo-zapadnyh predgorij Altaja v IX–XI vekah. Moscow: Nauka Publ. 2002. 359 p.

Savinov D. Kimaki na Enisee i kyrgyzy na Irtyshe. Arheologija Juzhnoj Sibiri: idei, metody, otkrytija. In: Collection of reports of the international scientific conference dedicated to the 100th anniversary of the birth of S.V. Kiselev. Minusinsk. Krasnoyarsk. 2005. Pp.136–140.

Trifonov Yu., Ilyushin A., Alekhin Yu. Novye arheologicheskie materialy po istorii kypchakov Kazahstana. In: Issues of archaeology of Northern and Central Asia. Kemerovo-Gurevsk. 1998. Pp.220–233.

Usmanova E., Logvin V. Zhenskie nakosnye ukrasheniya Kazahstana (epoha bronzy). Lisakovsk: E. Buketov KarSU, A. Baitursynov KSU. 1998. 64 р.

Khassenova B., Khabdulina M. Zerkala v pogrebal'noj obrjadnosti naselenija Saryarki v jepohu Zolotoj Ordy. Volga River Region Archaeology. 2017. No.4(22), pp.297–309.

Chernikov S. Otchet ob arheologicheskih rabotah v Vostochno-Kazahstanskoi oblasti v 1953 g. Almaty. 1953.

Juvelirnoe iskusstvo naroda saha. Iz kollekcii muzeja. Yakutsk State Museum of History and Culture of the Peoples of the North named after Em. Yaroslavsk. Yakutsk. 2001. 48 p.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-25

Журналдың саны

Бөлім

АРХЕОЛОГИЯ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хасенова, Б. “Қимақтардың әйелдер әшекейлері археологиялық материалдар негізінде: Ғылыми мақала”. Gumilyov Journal of History , 2025, vol. 152, no. 3S1, pp. 201-16, https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-152-3S1-201-216.