Мустамбаев Ідріс: Эго-құжаттардағы жеке тарих

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-152-3-142-165

Түйін сөздер:

Ідріс Мустамбаев, Голощёкин, эго-құжаттар, биография, жады, қуғын-сүргін, хаттар, тарихи антропология, дербес тарих
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Авторлық зерттеу 1930-жылдары Қазақ АКСР / КСР аумағында орын алған саяси қуғын-сүргіндердің эпицентріне түскен маңызды тұлға – Ідріс Мустамбаевтың өмірінен алынған биографиялық эпизодқа арналған. Жарияланған ғылыми мақаланың мақсаты – І. Мустамбаевтың жеке хаты арқылы партия ішіндегі текетірестердің ішкі динамикасын ашу, қуғын-сүргінге ұшыраған адамның психологиялық және эмоционалдық күйін көрсету, сондай-ақ кеңестік идеология контексіндегі дербес баяндауларды талдаудың әдістемесін ұсыну. Зерттеудің жаңалығы бірнеше қырынан көрінеді. Алғаш рет ғылыми айналымға І. Мустамбаевтың эго-құжаттары енгізіліп отыр – олардың қатарында И. Сталин мен Л. Кагановичке жолданған түпнұсқа хаты бар. Бұл материалдар М. Қойгелдиев жариялаған хатты толықтырып, қазақ номенклатурасындағы саяси күрестің белгісіз тұстарын айқындайды. Эго-документтерді талдау барысында нарративтік әдістер мен Х. Уайттың «тілдік бұрылыс» тұжырымдамасына сүйену негізгі қағида ретінде алынған. Автор отандық және шетелдік зерттеушілердің теориялық ұстанымдарын зерделей келе, хатты тоталитарлық жүйедегі тұлғалық болмыстың көрінісі ретінде қарастырады. Зерттеу нәтижелері І. Мустамбаевтың хаттары арқылы жеке деңгейде саяси қуғын-сүргінді қабылдаудың қырлары, өзін сақтап қалудың амалдары мен идеологиялық қысым жағдайындағы дербестік көріністері айқындалатынын көрсетеді. Жеке авторлық түзетулер мен ішкі логикаға толы хат – билікпен диалог құралы, тарихи антропология үшін дереккөзі ретінде қарастырылады. Жұмыс Қазақстан жағдайындағы автобиографиялық зерттеулер аясын кеңейтіп, Кеңес кезеңіндегі жекелік және қоғамдық жадыны зерттеуге елеулі үлес қосады. І. Мустамбаевтың жеке құжаттарын зерттеу биографиялық реконструкция аясынан шығып, мәдени және отбасылық жадыны қайта қалпына келтіру тетігіне айналады. Бұл хаттарда фактологиялық мағлұматтан бөлек, тұлғаның идеологиялық қысымға қарсы тұруы да көрініс табады. ОГПУ, НКВД, ГУЛАГ архивтік қорларымен жұмыс істеу арқылы автобиографияны тереңірек талдауға мүмкіндік туындайды. Осы материалдарды сын көзбен қарап, оларды сыртқы жағдайлар әсер еткен субъективтілік үлгісі ретінде қабылдау маңызды. Мақалада ұсынылған методологиялық дилемма – І. Мустамбаевты өзінің сөзінің субъектісі ретінде ме, әлде үшінші тараптың баяндауында көрінетін нысан ретінде ме түсіну қажеттігі – авторлықты, дискурсивті табиғатты және автобиографиялық мәтіндерге деген сенім шекарасын талқылауға жетелейді. Зерттеу нәтижесінде эго-құжаттар қоғамдық тарихқа кіру нүктесі ретінде танылып, ресми нарративтер аясынан шығуға мүмкіндік береді және ХХ ғасырдың орта шеніндегі қазақ зиялыларының саяси тағдырына қатысты толымды көзқарас қалыптастыруға негіз қалайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Х. Маслов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    PhD, «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми
    қызметкері

Әдебиеттер тізімі

Jancke G. Persons, the ‘Autobiographical Person’ and Cultural Concepts of the Person: Early Modern Self-narratives from German-speaking Areas in a Transcultural Perspective. The Medieval History Journal. 2015. No.18(2), pp.346–377. https://doi.org/10.1177/0971945815601307 (in English) DOI: https://doi.org/10.1177/0971945815601307

Schulze W. “Ego-Dokumente: Annäherung an den Menschen in der Geschichte?” In: Ego-Dokumente. Annäherung an den Menschen in der Geschichte. Berlin: Akademie Verlag. 1996. Pp.11–30. (in Deutsch) DOI: https://doi.org/10.1524/9783050047997.11

Алаш ақиықтары: Мақалалар, деректі құүжаттар, аудармалар [Мәтін]: алаш мұрасы. Т.5. Zhurtbay T. (ed.). Almaty: Alash, 2006. 288 p. (in Kazakh)

Amanzholova D. «…Sovsem po- stalinski…»: sovetskaia vlast, ee posredniki i etnopoliticheskaia elita v Kazakhskoi ASSR v 1920-e gody. In: Istoriia narodov Rossii v issledovaniiakh i dokumentakh. In History of the Peoples of Russia in Research and Documents. Moscow: Institute of Russian History. 2014. Pp.5–50. (in Russian)

Arutyunyan N. "Predostavit tekstu prosto byt…": metodologicheskie printsipy issledovaniia ego-dokumentov v rabotakh N. Kozlovoi. RSUH Bulletin. Series: Literary Studies. Linguistics. Cultural Studies. 2019. No.8–2, pp.176–196. (in Russian)

Zhanbossinova A. «Proshu sniat s menia nezasluzhennoe kleimo 58-i stati»: ego-dokumenty v istorii politicheskogo terrora v Kazakhstane. Semey: Intellekt. 2020a. 580 p. (in Russian)

Zhanbossinova A. Pamiat kak travma: vospominaniia zhertv politicheskikh repressii v fokuse ego-dokumentov. In: Ethnography of Altai and Adjacent Regions: Proceedings of the 10th Int. Conf. Barnaul: Altai State Pedagogical University. 2020b. Pp.214–219. (in Russian)

Zhanbossinova A., Zhandybaeva S., Kazbekova A. Ego-dokumenty istorii politicheskogo terrora v Kazakhstane. St. Petersburg University Bulletin. History. 2021. Vol.65, is.3, pp.797–809. https://doi.org/10.21638/spbu02.2025.209 (in Russian) DOI: https://doi.org/10.21638/11701/spbu02.2021.307

Zaretsky Yu. Svidetelstva o sebe: novye issledovaniia gollandskikh istorikov. In: Social History. Yearbook, ed. N. Pushkareva. SPb.: Aleteya. 2008. Pp.329–340. (in Russian)

Zaretsky Yu. Istoriia subieektivnosti i istoriia avtobiografii: Vazhnye obnovleniia. An inviolable reserve 2012. No.3(83), pp.184–199. (in Russian)

Zaretsky Yu. Ego-dokumenty sovetskogo vremeni: terminy, istoriografiia, metodologiia. An inviolable reserve. 2021a. No.3(117), pp.184–199. (in Russian)

Zaretsky Yu. Ego-dokumenty: Rossiia pervoi poloviny KhKh veka v mezhistochnikovykh dialogakh. In: Ego-Documents: Russia in the First Half of the 20th Century in Intertextual Dialogues (Ed. M. Litovskaya & N. Surzhikova). Moscow–Yekaterinburg: Cabinet Scholar. 2021b. Pp.6–28. (in Russian)

Kozlov S. Ego-dokumenty v strukture istoricheskoi pamiati. Bibliosphere. 2022. No 4, pp. 5–11. https://doi.org/10.20913/1815-3186-2022-4-5-11 (in Russian) DOI: https://doi.org/10.20913/1815-3186-2022-4-5-11

Koigeldiev M., Polulyakh V., Tleubaev Sh. (eds.). Krasnyi terror: iz istorii politicheskikh repressii v Kazakhstane (Sbornik dokumentalnykh materialov 20-50-kh godov KhKh veka). Almaty: Alash Publishing. 2013. 384 p. (in Russian)

Surzhikova N. Ego-dokumenty: intellektualnaia moda ili osoznannaia neobkhodimost? In: History in Ego-Documents: Research and Sources. ed. N. Surzhikova. Yekaterinburg. 2014. Pp.6–13. (in Russian)

Ego-dokumenty: Rossiia pervoi poloviny KhKh veka v mezhistochnikovykh dialogakh: [kollektivnaia monografiia]. Litovskaya M., Surzhikova N. (eds.). Moscow–Yekaterinburg: Institute of History and Archaeology of the Ural Branch of the Russian Academy of Sciences. 2021. 408 p. (in Russian)

Жарияланды

2025-08-31

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ