Қазақстандағы кеңестік модернизацияның әлеуметтік аспектілері: тұрғын үй саясатының рөлі (1920-1980 жж.)

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 7 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • А. Капаева Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің, Алматы, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-1198-0185
  • С. Асанова Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің, Алматы, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-7077-2298

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2026-155-2-179-201

Түйін сөздер:

тұрғын үй саясаты, бөлу тетіктері, аймақтық ерекшеліктер, тұрғын үй нормасы, тұрғын үй тапшылығы, тұрғын үй-құрылыс кооперативтері
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақала 1920-1980 жж. Қазақстандағы әлеуметтік модернизацияның негізгі тетіктерінің бірі ретінде тұрғын үй саясатын кешенді талдауға арналған. Зерттеу кеңестік әлеуметтік тәртіп моделінің қалыптасу үдерісімен өзара байланыста тұрғын үй жағдайларының, қоныстану формаларының және тұрғын үй қорын бөлу қағидаттарының трансформациясын қарастырады. Авторлар тұрғын үй саясаты өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік шара ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік реттеу, бақылау және халықты кеңестік әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіне интеграциялау құралы болғанын негіздейді. Тұрғын үйге қолжетімділік, оның түрі, сапасы мен орналасуы кәсіби өсу мүмкіндіктерін, қалалық ортаға кірігу деңгейін және индустриялық-өндірістік үдерістерге қатысу дәрежесін айқындағандықтан, тұрғын үй саясаты жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастырудың ең пәрменді арналарының бірі ретінде қарастырылады. Зерттеуде тұрғын үй саясатының бірнеше даму кезеңдері айқындалады. 1920 жж. кезеңі тұрғын үй қорының муниципализациясымен, дореволюциялық қалалық кеңістіктерді қайта бөлумен және «социалистік тұрмыстың» жаңа моделін құру әрекеттерімен сипатталады. 1930–1950 жж. Қазақстандағы индустрияландыру, көші-қон үдерістері және жаңа өнеркәсіптік орталықтардың қалыптасуымен тығыз байланысты тұрғын үйді мемлекеттік бөлу жүйесінің орталықтандырылған моделі қалыптасты. 1950–1960 жж. хрущёвтік модернизация кезеңінде жаппай тұрғын үй құрылысы жедел урбанизация мен әлеуметтік мобильділіктің маңызды құралына айналып, халықтың елеулі бөлігінің барактар мен саман үйлерден стандартты пәтерлерге көшуін қамтамасыз етті. Кейінгі онжылдықтарда тұрғын үй саясаты әлеуметтік стратификацияны реттеудің маңызды тетігі болып қала берді, алайда оның тиімділігі ресурстар тапшылығы, өңірлік теңсіздіктер және тұрғын үй кезектерінің өсуімен шектелді. Зерттеудің әдіснамалық негізін нормативтік-құқықтық актілерді, статистикалық деректерді, мұрағат материалдарын талдау, сондай-ақ тарихи-салыстырмалы және проблемалық-хронологиялық тәсілдер құрайды. Мұндай кешенді әдіс жалпыодақтық үрдістерді де, индустрияландыру деңгейі, этнодемографиялық өзгерістер және қоныстану ерекшеліктерімен айқындалған өңірлік ерекшеліктерді де анықтауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй саясаты күнделікті өмірдің жаңа үлгілерін қалыптастыруға, отбасылық құрылымдардың өзгеруіне, кеңестік идентичтіліктің орнығуына және ерекше қалалық мәдениеттің пайда болуына ықпал еткені көрсетіледі. Қорытындыда тұрғын үй саясаты Қазақстандағы кеңестік модернизацияның маңызды элементі болғаны дәлелденеді. Ол ресурстарды қайта бөлу, әлеуметтік интеграция, тәртіптік бақылау және жаңа әлеуметтік тәртіпті қалыптастыру функцияларын біріктірді. Тұрғын үй саясаты тек материалдық өмір жағдайларын айқындап қана қоймай, әлеуметтік мобильділікке, еңбек құрылымына және мемлекет пен халық арасындағы өзара қатынастар сипатына ықпал еткен кеңестік қоғамды конструирлеу құралы ретінде қарастырылады.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • А. Капаева, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің, Алматы, Қазақстан

    тарих ғылымдарының докторы, профессор

  • С. Асанова, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің, Алматы, Қазақстан

    тарих ғылымдарының кандидаты

Әдебиеттер тізімі

Martin T. The Affirmative Action Empire. Nations and Nationalism in the Soviet Union, 1923-1939. Ithaca-Londres: Cornell University Press. 2001. 496 p.

Absadykov A. Ot iurt do vysotnykh zdanii. Alma Ata: Kazakhstan.1967. 54 p.

Bakanov S., Khlyzov V. Vsesoiuznaia perepis zhilishchnogo fonda SSSR 1960 g.: organizatsiia i itogi. The modern history of Russia. 2023.Vol.13, no.3, p.482-499. DOI: https://doi.org/10.21638/spbu24.2023.215

Veselovsky B. Kommunalnoe khoziaistvo v tsifrakh i diagrammakh 1917-1927 gg. Moscow: NKVD of the RSFSR. 1928. 467 p.

Vostrov V., Kauanova H. Materialnaia kultura kazakhskogo naroda na sovremennom etape. Alma Ata: Science. 1972. 236 p.

Goroda Kazakhstana v 20-30-kh gg. XX veka kak sotsiokulturnyi fenomen: etno-demograficheskoe i sotsialno-kulturnoe razvitie: Collection of archival documents and materials. Almaty: Nurly Alem. 2025. 400 р.

Goroda Tsentralnogo Kazakhstana v 1950-1960-e gody. Karaganda. 2017. 224 p.

Dvoretsky S. Zhilishchnaia problema v SSSR i puti ee resheniia. Moscow: Profizdat. 1990. 31 p.

Dmitriev N. Zhilishchnyi vopros: dva mira ‒ dva podkhoda. Scientific editor Yu. Voznesensky. Moscow: Moskovsky rabochy. 1973. 208 p.

Istoriia gorodskoi povsednevnosti Tsentralnogo Kazakhstana v 1946-1991 gody (s siuzhetami demograficheskoi i sotsialnoi istorii): Saktaganova Z., Abdrakhmanova K., Dosova B., Kozina V., Eleukhanova S., Karsybayeva Zh., Utebayeva A. Karaganda: "Glazir". 2017. 456 p.

«Sviaz i televidenie na sluzhbe naroda» (peredovaia statia). Kazakhstanskaya pravda. 1976. January 28th.

"Pod znamenem Pobedy – k novym uspekham" (peredovaia statia k 9 maia). Kazakhstanskaya pravda. 1977. May 7.

Kauanova H. Obraz zhizni i byt rabochikh semei: (Na materialakh Kazakhstana). Alma Ata: Science. 1982. 166 p.

Kobalevsky V. Zhilishchnoe stroitelstvo v piatoi piatiletke. Moscow: Gospolitizdat. 1954. 80 p.

Lebina N. Povsednevnaia zhizn sovetskogo goroda: normy i anomalii. 1920-1930 gody. Moscow: New Literary Review. 2015. 488 p.

Meerovich M. Zhilishchnaia politika SSSR s 1917 po 1941 g. CLIO. 2009. No.2. pp.65-78.

Narodnoe khoziaistvo Kazakhstana. Statistical collection. Alma Ata. 1957а.

Narodnoe khoziaistvo Kazakhstana v 1976 g. Statistical collection. Alma Ata. 1977.

Narodnoe khoziaistvo Kazakhskoi SSR. Statistical collection. Stat. Administration of the Kazakh SSR. Alma Ata. 1957b.

Narodnoe khoziaistvo SSSR v 1960 g.: Statistical Yearbook. Moscow: Statistics. 1961.

Nikolaev A. Zhilishchnoe stroitelstvo v shestoi piatiletke. Moscow: Gospolitizdat. 1956. 96 p.

Pilipenko I. Dinamika zhilishchnogo stroitelstva v respublikakh SSSR v 1920-1980-e gg. Historical and economic research. 2022. Vol.23, no.1, pp.7-43.

Sailaubay Е., Alimgazinov К. Formirovanie pasportnoi sistemy v Karagandinskoi oblasti v 1930-e gody. Gumilyov Journal of History. 2025. Vol.152, no.3, pp.186-07, https:/doi.org/10.32523/3080-129X-2025-152-3-186-207

Slezkin Y. SSSR kak kommunalnaia kvartira. In: American Russian studies: Milestones in the historiography of recent years. The Soviet period. Comp. M. David-Fox. Samara: Samara University. 2001. 376 p.

Fitzpatrick S. Povsednevnyi stalinizm. Sotsialnaia istoriia sovetskoi Rossii v 30-e gody. Moscow. 2001. 478 p.

Fuko M. Nuzhno zashchishchat obshchestvo. St. Petersburg: Nauka Publ. 2005. 312 p.

Fuko M. Intellektualy i vlast. Chast 1. Izbrannye politicheskie stati, vystupleniia i interviu 1970-1988. Moscow: Praxis. 2002. 388 p.

Hall S. Vopros kulturnoi identichnosti. Art magazine. 2010. No.77- 78. URL:ttp:/xz.gif.ru/numbers/77-78/hall

Жарияланды

2026-06-07

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ