Тылдағы «беймәлім майдан»: ҚазКСР-де жұқпалы індеттерге қарсы күрестегі эпидемиялық комиссиялардың қызметі (1941–1945 жж.)

Research Article

Қаралымдар: 78 / PDF жүктеулері: 59

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-153-4-129-146

Түйін сөздер:

Қазақстан, соғыс, денсаулық сақтау, қоныс аудару, әлеуметтік инфрақұрылым, санитарлық жүйе, індеттер
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Бұл мақала соғыс жағдайындағы кеңестік денсаулық сақтау жүйесінің қызмет ету ерекшеліктерін, оның маңызды құрамдас бөлігі – жұқпалы ауруларға қарсы күрес мысалында талдауға арналған. Көп жағдайда соғыстар мен өзге де әлеуметтік күйзелістер жұқпалы аурулардың өршуі мен кеңінен таралуына әкеліп соқты. Халықты жалпы және майдан үшін стратегиялық маңызы бар халық шаруашылығы салаларының жұмысшыларын тиісті медициналық және санитарлық қызметтермен қамтамасыз ету кеңестік денсаулық сақтау жүйесінің тылдағы басты міндеттерінің бірі болды. Кең ауқымды дереккөздердің негізінде, оның бір бөлігі алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отырған бұл зерттеуде 1941–1945 жылдардағы соғыс кезеңінде Қазақ КСР аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әсер еткен негізгі факторлар және жұқпалы ауруларға қарсы күрес комиссиясының жұқпалы аурулармен күресудегі үлесі жөніндегі эпидемияға қарсы комиссиялардың рөлі қарастырылады. Ғылыми айналымға алғаш рет енгізілетін дереккөздердің кең ауқымы негізінде авторлар Қазақ КСР-ында соғыс жылдарындағы (1941-1945 жж.) санитарлық-эпидемиялық ахуалдың нашарлауына ықпал еткен негізгі факторларды және жұқпалы аурулармен күрес жөніндегі комиссияның онымен күресуге қосқан үлесі туралы зерттеді. Мақалада мемлекеттің әртүрлі тиімділік дәрежесінде жүзеге асырған шаралары талданады. Олар халық арасында жұқпалы аурулардың таралуын тежеу және еңбек ресурстарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, Республикадағы медициналық мекемелер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, сондай-ақ эпидемияға қарсы күресті үйлестіріп, ұйымдастырған партиялық-кеңестік органдардың эпидемияға қарсы күрес қызметі қарастырылады.  Медициналық мекемелер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, сондай-ақ эпидемияға қарсы күресте барлық бірлескен күш-жігерді біріктірген және үйлестірген республикадағы  партиялық-кеңестік ұйымдардың рөлі және маңызы туралы  қарастырылады. Республикадағы ғылыми-зерттеу мекемелерінің, соның ішінде Қазақ эпидемиология және микробиология институтының аса жұқпалы аурулардың алдын алудағы, жұқпа ошақтарын оқшаулау мен жоюдағы үлесі ерекше атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ресурстардың тапшылығы жағдайында санитарлық шараларға жергілікті халық белсенді тартылды, ал сот және құқық қорғау органдарының қадағалау рөлі күшейтілді. Қорытындылай келе, авторлар соғыс жылдарындағы жаппай көші-қон (эвакуация, депортация, еңбекке жұмылдыру  және т.б.), санитарлық жүйеге түскен ауыр жүктемеге, әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуына, оба ауруы бойынша бірқатар эндемиялық аймақтардың болуына және республикадағы ауыр материалдық-экономикалық жағдайға қарамастан, эпидемиялардың жаппай таралуына жол берілмеді деген қорытындыға келеді. 2025 жыл — Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған жаһандық еске алу жылы. Бұл мақала эпидемиялардың таралуын азайту, оқшаулау және жою жолында жанқиярлықпен еңбек еткен мыңдаған медициналық, ғылыми-зерттеу және өзге де кеңестік мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне тағзым ретінде ұсынылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Р. Жаркынбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

  • А. Абдирайымова, АЛТ университеті, Алматы, Қазақстан

    тарих ғылымдарының  кандидаты, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі кафедрасының профессоры

  • А. Жанабай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    1 курс докторанты

Әдебиеттер тізімі

Fortress dark and stern: the Soviet home front during World war. Goldman W.Z., Filtzer D.A. New York: Oxford University Press. 2021. 428 p.

Michaels P. Curative Powers: Medicine and Empire in Stalin’s Central Asia. Pittsburgh: University of Pittsburgh Press. 2003. 250 p. DOI: https://doi.org/10.2307/j.ctt5vkh97

Starks T. Propagandizing the Healthy, Bolshevik Life in the Early USSR. American journal of public health. 2017. Vol.107, no.11, pp.1718-1724. https://doi.org/10.2105/AJPH.2017.304049. DOI: https://doi.org/10.2105/AJPH.2017.304049

Barsukov M.I. Ocherki po istorii zdravoohraneniya SSSR. Moscow: Medgiz. 1957. 393 p.

Gorshenin A. Sovetskaya epidemiologiya v period Velikoi Otechestvennoi voiny: kratkii obzor osnovnyh nauchnyh napravlenii. Manuskript. Vol.18, no.1, pp.140-147. https://doi.org/10.30853/mns20250022 DOI: https://doi.org/10.30853/mns20250022

Zharkynbaeva R., Zhanabai A., Baigunakov D. Zhenskaya trudovaya povsednevnost v tylu: usloviya i mediko-sanitarnoye obespechenie (na materialah Kazahskoi SSR). Quaestio Rossica. 2025. Vol.13, no.2, pp.459–475. https://doi.org/10.15826/qr.2025.2.977 DOI: https://doi.org/10.15826/qr.2025.2.977

Iz istorii nauchnyh medicinskih uchrezhdenii. Kazahstan: 1941–1945 gg. Sbornik dokumentov i materialov. Otv. redaktor Sarsenova G. Sost. kollektiv: Bogdanova O., Zhumataeva B., Gribanova E., Pecherskih V. Almaty. 2015. 534 p.

Krasnozhenova E. Zdravoohranenie Nizhnego Povolzhya v period Velikoi Otechestvennoi voiny (1941–1945 gg.). Izvestiya of Altai State University. History. 2012. Vol.76, no.4-1, pp.140-143.

Kim M. Karaganda. Zhizn lyudei v gorode uglya. 1931–1941 gg. Moscow: ROSSPEN. 2017. 216 p.

Kokebaeva G., Shildebai S. Borba s epidemiyami v Kazahstane v pervoi treti XX Oriental Studies. 2021. Vol.14, no.4. pp.673–684. https://doi.org/10.22162/2619-0990-2021-56-4-673-684 DOI: https://doi.org/10.22162/2619-0990-2021-56-4-673-684

Kozhurin V. Neizvestnaya voina. Deyatelnost Sovetskogo gosudarstva po obespecheniyu uslovii zhizni i truda rabochih v gody Velikoi Otechestvennoi voiny. Moscow: Akademija obshhestvennyh nauk pri CK KPSS. 1990. 288 p.

Muhambetgalieva A., Hisamutdinova R. Sostoyanie medicinskih uchrezhdenii i problemy zdorovya naseleniya v period pozdnego stalinizma (na materialah Aktyubinskoi oblasti Kazahskoi SSR). Izvestiya of the South-West State University. Series: History and Law. 2021. Vol.11, no.6, pp.213–224. https://doi.org/10.21869/2223-1501-2021-11-6-213-224 DOI: https://doi.org/10.21869/2223-1501-2021-11-6-213-224

Saktaganova Z., Abdrakhmanova K. Povsednevnost Centralnogo Kazahstana v poslevoennoe desyatiletie: problemy zdorovya gorodskogo naseleniya i sistemy zdravoohraneniya. Bulletin of Omsk University. Series «Historical Sciences». 2015. Vol.8, no.4, pp.90–99.

Samrin R. Ocherki istorii zdravoohraneniya Kazahstana. Alma-Ata: Kazgosizdat. 1958. 161 p.

Rassekrechennaya voina: «osobye papki» CK KP(b) Kazahstana. 1941–1945 gg. Sbornik dokumentov. Gribanova E. (otvet.), Zulkasheva A., Murzagalieva G., Chilikova E. Almaty: Edelveis. 2010. 604 p.

Sovetskii Kazahstan: stanovlenie i razvitie zdravoohraneniya (1917–1937 gg.). Sbornik dokumentov i materialov. Sost.: Shildebai S., Tolenova Z., Zhunisbaev A., Orazov R., Abildos R. Centralnyi Gosudarstvennyi arhiv RK. 2023. 520 p. (in Russian)

Usol'ceva N. Obespechenie sanitarno-jepidemicheskogo blagopoluchija Juzhnogo Urala v gody Velikoj Otechestvennoj vojny. Electronic scientific journal «magistravitaejournal.ru». 2016. no.1, pp.128-137.

Filtzer D. Sovetskie rabochie i pozdnii stalinizm. Rabochii klass i vosstanovlenie stalinskoi sistemy posle okonchaniya Vtoroi mirovoi voiny. Moscow: ROSSPEN. 2011. 359 p.

Chesnokov S. Zdravoohranenie v Kazahstane. Alma-Ata№ 1946. 71 p.

Epidemicheskii «pozhar» udalos predotvratit. Sbornik materialov Kruglogo stola. Almaty: Centralnyi gosudarstvennyi arhiv nauchno-tehnicheskoi dokumentacii. 2015. 140 p.

Жарияланды

2025-11-21

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ