АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

2026-01-23

Құрметті авторлар!
Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ басқа да ақылы қызметтер құнының прейскуранты жаңартылды. Журнал редакциясы жариялауға қабылдаған бір мақаланың құны 60 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар, журнал жүйесінде мақаланы тіркеу және беру кезінде авторлар плагиатқа тексерудің лицензиялық жүйесін сатып алуға, рецензенттердің еңбегіне ақы төлеуге және журналдардың редакциясына баспагердің шығыстарын жабу үшін 12 мың теңге жарна (мақала жариялаудың жалпы құнының 20% көлеміндегі сома) төлейді. Журнал редакциясы мақаланы қабылдамаған жағдайда, сома қайтаруға жатпайды. Мақала журналдың формальды талаптарына сәйкестігін қарау және рецензиялау нәтижелері бойынша түзетілгеннен кейін қайта жіберілген жағдайда, авторлар мақала құнының 20% -ын  қайтадан енгізуге тиіс.