Автор төлемі
Мақаланы өңдеу үшін ақы (Article Processing Charge)
Журнал ашық қолжетімділік қағидаттарын және жарияланымдық этиканың халықаралық стандарттарын ұстанады. Редакция жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету және ғылыми жарияланымдардың жоғары сапасын сақтау мақсатында мақаланы өңдеу үшін ақы (Article Processing Charge) алынады.
Басылымның ғылыми этиканың халықаралық стандарттарына сәйкес келетін саясаты төлемнің жариялау туралы шешімге ықпал етуіне жол бермейді. Қолжазбаны қабылдау немесе кері қайтару туралы шешім тәуелсіз рецензиялау нәтижелері мен зерттеудің ғылыми құндылығы негізінде ғана қабылданады.
Журналдың редакциясы рецензенттер тарапынан кері қайтаруға (Reject) ұсынылған авторлардың қолжазбалары үшін өңдеу ақысын алмайды. Мұндай жағдайларда редакция келесі редакциялық қызметтерге байланысты шығындарды өз мойнына алады:
- қолжазбаларды қабылдау және тіркеу;
- журнал талаптарына сәйкестігін бастапқы тексеру;
- рецензенттерді іріктеу;
- сараптамалық рецензиялау үдерісін ұйымдастыру;
- рецензиялау нәтижелері туралы авторларды хабардар ету.
Төлем мөлшері
Мақаланы өңдеу ақысы қолжазба жариялауға қабылданғаннан кейін ғана алынады.
Төлем мөлшері:
60 000 (алпыс мың) теңге – жариялауға қабылданған бір мақала үшін.
- Төлем мөлшері барлық авторлар үшін бірдей және олардың елiне, жұмыс орнына немесе мәртебесіне қарамастан өзгермейді.
- Қолжазба кері қайтарылған жағдайда төлем алынбайды.
Төлем теңгемен, еуромен немесе АҚШ долларымен жүзеге асырылуы мүмкін. Шетел валютасымен төленген жағдайда сома төлем жасалған күнгі ресми бағам бойынша 60 000 теңгенің баламасы ретінде есептеледі.
Жариялау үшін ақыны зерттеуді қаржыландыратын ұйым тарапынан да, автордың өзі тарапынан да төленуі мүмкін.
Төлемнің мақсаты
Журнал редакциясы белгілеген қолжазбаларды өңдеу және қарау ақысы пайда табу құралы болып табылмайды. Барлық қаражат тек редакциялық-баспа шығындарын өтеуге бағытталады.
Бұл шығындарға мыналар кіреді:
- ғылыми және техникалық редакциялау;
- беттеу және материалдарды жариялауға дайындау;
- рецензиялау үдерісін ұйымдастыру;
- журналдың электрондық платформасын қолдау;
- редакцияның әкімшілік және ұйымдастырушылық шығындары.
Осылайша белгіленген төлем журналдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыруға бағытталған.
Маңызды ақпарат
- Редакция авторлармен тікелей жұмыс істейді және делдалдарды пайдаланбайды.
- Үшінші тұлғалар арқылы қосымша ақыға жариялау жөніндегі кез келген ұсыныстар заңсыз болып табылады.
- Қабылданған мақала үшін төлем жасалмаған жағдайда редакция жариялауды тоқтату құқығын өзіне қалдырады.
Төлем деректемелері
1. Реквизиттер: «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ БСК 010140003594
- "Банк ЦентрКредит"АҚ Банк БСК: KCJBKZKX KZ978562203105747338 Кбе 16 Ттк 859 – мақала үшін
- Bank RBK» АҚ Банк БСК: KINCKZKA ИИК: KZ498210439858161073 Кбе 16 Ттк 859– мақала үшін
- Мақала төлемін Kaspi.kz немесе QR. қосымшасы арқылы жасауға болады. Төлем үшін Kaspi.kz.мобильді қосымшасын қолданыңыз

2. Қосымшада «Төлемді» таңдау керек, әрі қарай «Білім», одан кейін «ЖОО және колледждер», сосын университет атауын таңдайсыз. Әрі қарай төлем – «мақалалар мен жарияланымдар» түрін жазасыз, «Факультет» деген тұсқа өз факультетіңізді көрсетесіз. «Курс» деген жерге Gumilyov Journal of Historyге мақала төлемін және мақала жарияланатын журнал нөмірін (мысалы, «2025. Т.150. №1») көрсету керек; Студенттің аты-жөні деген жолға мақала автор(лар)ының аты-жөні, Студенттің ЖСН-і деген тұсқа төлем жасаушының ЖСН-і (төлемді жүзеге асыратын карта иесі) жазылады.










