Тәуелсіз Қазақстанның ел қорғанысын негіздеп, дамытудағы қызметі және оның саяси - тарихи маңызы

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 23 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

  • Г. Карасаев Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-8579-7922
  • Қ. Енсенов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-1853-4869
  • Н. Қонрбай Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-1284-3403
  • А. Балыкова Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-5660-694X

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2026-154-1-94-118

Түйін сөздер:

тәуелсіз Қазақстан, мемлекеттің қорғаныстық саясаты, ТМД елдері, әскери әріптестік, саяси-тарихи маңызы
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін алған алғашқы мерзімінен басталған егемен мемлекеттің дербес қорғаныстық саясатын жүргізудегі алғашқы ұйымдастыру шаралары мен оның нәтижелері баяндалған. Атқарылар істің нақты мақсаты айқындалған. Аталған тақырыпты ашуда көптеген тарихи және архив деректері пайдаланылып, бұл келелі мемлекеттік шараның Ел бостандығының кепілі ретіндегі қажеттігі мен маңызына баға берілген. Солардың қатарында егемен еліміздің қорғанысын негіздеудің республиканың өзінің ғана емес, аймақтық мемлекеттер аралық байланыстар арқылы жүзеге асырылуының қажеттігі мен осы бағыттағы алғашқы атқарылып отырған жұмыстарға талдау берілген. Қазақстан Республикасының қорғаныстық саясатын жүргізуге арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнына талдау жасалып, оның аясындағы атқарылуға тиісті істердің маңызы айқындалған. Қазақстан Республикасының әскери қорғаныс күштерін негіздеу, әскери мамандар дайындау мен техникалық жағдайын қамтамасыз етудегі бастапқы жүзеге асырылған шаралары мен бұл істі одан ары жүзеге асырудың мемлекеттік тұрғыдағы қажеттігі мен міндеттері нақты мысалдар арқылы сараланған. Қазіргі жаһандану заманындағы Орталық Азия аймағындағы мүмкін болар қарулы қарсы әрекеттерге бірлесе тойтарыс беру мақсатындағы Республиканың бұрынғы КСРО құрамында болған бірнеше одақтас республикалар арасындағы негізделген Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына кіруі мен ондағы атқарып отырған қызметі баяндалған. Аталған қорғаныстық ұйымның жұмысын одан ары дамытып, нәтижелілігін арттырудағы Қазақстан Республикасының жоспарлы бұл ұйымдағы атқарып отырған қызметі мен оны одан ары дамытудың қажеттігі көрсетілген. Орталық Азиядағы мемлекеттердің шекара аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған ШЫҰ-дағы Қазақстан Республикасының қызметіне талдау беріліп, маңызы көрсетілген. Мемлекеттің елдің қорғанысын берік негізде ұйымдастыру жолындағы аталған аймақтық ұйым шеңберіндегі жасаған нақты ұсыныстары баяндалып, оған тарихи баға берілген. Егемен мемлекеттің қарулы күштерін нығайту, оның қабілетін әлемдік талаптарға сай негіздеудегі алыс шетел мемлекеттері, солардың қатарындағы Түркия Республикасы, АҚШ, тағы да басқа мемлекеттердің қорғаныстық саладағы қызметтерімен байланысына, тәжірибе алмасу жұмыстарына талдау берілген. Бұлармен бірге Егемен еліміздің осы саладағы НАТО-ға мүше мемлекеттермен арадағы теңдік және бейбітшілікті қамтамасы ету жолындағы жасалған келісімдеріне назар аударылып, Қазақстанның «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» атты Бағдарламасын қабылдауы баяндалған. Ел тәуелсіздігінің басты кепілі мемлекеттің қорғаныстық саясатын әлемдегі және аймақтағы өзгерістерге байланысты үнемі жоғары деңгейде жүргізудің қажеттігіне назар аударылған. Бұл істі жүйелі де мақсатты тұрғыда іске асыруға арналған ұсыныстар берілген. Мақаланың дереккөздерінің негізгі бөлігін тарихи еңбектермен қатар шетелдік және отандық мемлекеттік архив мәліметтері құрайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Г. Карасаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Астана, Қазақстан

    тарих ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкері

  • Қ. Енсенов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық қатынастар факультеті аймақтану кафедрасының профессоры

  • Н. Қонрбай, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Астана, Қазақстан

    PhD, жетекші ғылыми қызметкері 

  • А. Балыкова, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Астана, Қазақстан

    тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, жетекші ғылыми қызметкері

Әдебиеттер тізімі

Aitken D. Kazakhstan. Siurprizy i steoretipy. Moscow: Fiction. 2011. 208 p.

Aktualnye problemy vneshnei politiki Kazakhstana. Collection of articles. Pod obshchei red. K.K. Tokaeva. Moscow: Russian Rarity Publ. 1998. 413 p.

Dubovtsev G. Voennaia bezopastnost Respubliki Kazakhstan: opyt, aktualnye problemy, osnovnye napravleniia obespecheniia. Astana: Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan Publ. 2012. 218 p.

Eshchanov A.Sh., Baianov A.M., Gubashev S.S. Pravovoe regulirovanie obespecheniia voennoi bezopasnosti i oborony Respubliki Kazakhstan. Nur-Sultan: National Defense University named after the First President of the Republic of Kazakhstan – Elbasy Publ. 2020. 190 p.

Kasenova T. Atomnaia step: kak Kazakhstan otkazalsia ot iadernogo oruzhiia. Almaty: Steppe & World Publishing Publ. 2024. 368 p.

Qazaqstan tarihy. Vol.5. Almaty: Atamura Publ. 2010. 517 p.

Qaruly küşterdıñ qyzmetınıñ äskeri-tehnikalyq qamtamasyz etıluı: älemdık täjıribe jäne damu ürdısterı. Collection of Materials from the International Scientific Conference. Nur-Sultan: 2020. 413 p.

Nazarbayev N. Täuelsızdık däuırı. Astana: First President of the Republic of Kazakhstan – Elbasy Foundation Publ. 2017. 508 p.

Nurymbetova G., Kudaibergen R. Vneshnepoliticheskie initsiativy Prezidenta Respubliki Kazakhstan N.A. Nazarbaeva. Historical and documentary study. Almaty: Kazakh Encyclopedia Publ. 2010. 384 p.

Moldasheva A. Pravovye osnovy organizatsii deiatelnosti Vooruzhennykh sil Respubliki Kazakhstan: sostoianie i perspektivy. Astana: National Defense University named after the First President of the Republic of Kazakhstan – Elbasy Publ. 2023. 135 p.

Sagadiev M.T., Bekbolatov A.K. Äskeri daiyndyqtyñ fizikalyq aspektılerı. Nur-Sultan: Ministry of Defense Press Publ. 2021. 198 p.

Toqaev Q. Belasu. Almaty: Däuır Publ. 2008. 552 p.

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ