Мақалаларды рецензиялау тәртібі
- Журнал редакциясы барлық келіп түскен және оның тақырыбына сәйкес келетін материалдарды сараптамалық бағалау мақсатында рецензиялауды жүзеге асырады.
- Рецензенттер ретінде Редакциялық алқа мүшелері, сондай-ақ журналдың қызмет саласы бойынша рецензияланатын мақала тақырыбына сәйкес келетін мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі, сондай-ақ соңғы 3 жыл ішінде рецензияланатын мақала тақырыбына сәйкес жарияланымдары бар жетекші ғалымдар мен мамандардан тұратын сыртқы сарапшылар қатысады. Олар және болуы тиіс.
Рецензент – ғылыми журнал немесе баспаның атынан әрекет ететін және авторлық материалдарға олардың жариялану мүмкіндігін анықтау мақсатында ғылыми сараптама жүргізетін сарапшы.
- Мақаланы сараптау үшін белгілі бір рецензентті таңдау туралы шешімді бас редактор қабылдайды.
- Әрбір мақала екі рецензентке жіберіледі. Қажет болған жағдайда бас редактор қолжазбаны қосымша рецензиялауға жібере алады.
- Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі. Рецензентке де, авторға да бір-бірінің жеке деректері және/немесе ғылыми аффилиациясы хабарланбайды (екі жақты жабық рецензиялау). Құпиялылықты бұзу тек рецензент мақаланың мазмұнында жалған немесе бұрмаланған мәліметтер бар деп мәлімдеген жағдайда мүмкін болады.
- Рецензиялау мерзімі әрбір жағдайда мақаланы барынша жедел жариялау мүмкіндігін ескере отырып белгіленеді. Рецензиялау мерзімі бір айдан аспайды.
- Рецензияда келесі мәселелер қарастырылады:
а) мақаланың мазмұнының атауда көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
б) ғылымның заманауи жетістіктеріне сәйкестігі;
в) оқырмандар үшін тіл, стиль, материалдың орналасуы, кестелердің, диаграммалардың, суреттер мен формулалардың көрнекілігі тұрғысынан қолжетімділігі;
г) бұрын жарық көрген жарияланымдарды ескере отырып, мақаланы жариялаудың орындылығы;
д) мақаланың нақты оң және теріс жақтары анықталып, автордың қандай түзетулер мен толықтырулар енгізуі керектігі.
- Қолжазбаны қарау нәтижелері бойынша рецензент келесі шешімдердің бірін ұсынады (әрбір шешім дәлелденуі тиіс):
- мақала қазіргі күйінде жариялауға ұсынылады;
- мақала рецензент атап өткен кемшіліктер түзетілгеннен кейін жариялауға ұсынылады;
- мақала басқа маман тарапынан қосымша рецензиялауды қажет етеді;
- мақала журналда жарияланбайды.
- Егер рецензияда мақаланы түзету және жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, редакция рецензия мәтінін авторға жіберіп, оларды жаңа нұсқаны дайындау кезінде ескеруді немесе дәлелді түрде жоққа шығаруды ұсынады. Автор жетілдірген (қайта қаралған) мақала қайта рецензиялауға жіберіледі.
- Егер авторлар материалдарды жетілдіруден бас тартса, олар мақаланы жариялаудан бас тартқаны туралы редакцияға хабарлауы тиіс. Егер авторлар рецензия жіберілген күннен бастап бір ай ішінде түзетілген нұсқаны қайтармаса және жетілдіруден бас тарту туралы хабарлама жібермесе, редакция мақаланы есептен шығарады. Мұндай жағдайларда авторларға мақала редакциялық есептен шығарылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
- Егер автор мен рецензенттер арасында қолжазбаға қатысты шешілмейтін қайшылықтар туындаса, редакциялық алқа қолжазбаны қосымша рецензиялауға жібере алады. Даулы жағдайларда шешімді редакциялық алқа отырысында бас редактор қабылдайды.
- Қолжазбаны жариялаудан бас тарту немесе қабылдау туралы шешім рецензенттердің ұсыныстарына сәйкес редакциялық алқа отырысында қабылданады.
- Оң рецензияның болуы мақаланы жариялау үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Жариялаудың орындылығы туралы түпкілікті шешімді журналдың редакциялық алқасы қабылдайды және ол редакциялық алқа отырысының хаттамасында тіркеледі. Редакциялық алқа шешімімен жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарауға қабылданбайды.
Мақаланы жариялаудан бас тарту негіздері:
- ұсынылған материалдың Журнал тақырыбына сәйкес келмеуі;
- мақалаға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
- сарапшылардың теріс рецензиялары;
- редакциялық алқа отырысының хаттамасында тіркелген шешімі;
- автордың этикалық қағидаларды сақтамауы.
- Жариялаудан бас тарту немесе қабылдау туралы хабарлама авторға электрондық пошта немесе осы сайттың баспа жүйесі арқылы жіберіледі.
- Рецензиялардың түпнұсқалары редакциялық алқада немесе редакцияда бес жыл бойы сақталады.