Сарыарқаның археологиялық ескерткіштерінен табылған теңгелер

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-152-3S1-84-98

Түйін сөздер:

Сары-Арқа, археология, нумизматика, теңгелер , ақша айналымы, теңге сарайы, айырбас сауда, жерлеу рәсімдері

Аңдатпа

Сарыарқа археологиялық ескерткіштерінен табылған теңгелер Қазақстанның далалық аймағының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын түсіну үшін маңызы зор ерекше құбылыс болып табылады. Бұл аймақта басымдыққа ие болған айырбас саудаға негізделген және нашар жүйеленген ақша айналымы әсерінен теңгелер Сарыарқа аймағында сирек кездеседі, сондықтан табылған теңгелерге ғылыми талдау жүргізу ерекше құндылық қосады. Ескерткіштерде табылған теңгелер өзінің экономикалық құрал ретіндегі қызметінен салттық белгіге дейінгі функционалдық трансформациясымен ерекше қызығушылық тудырады. Бұл мақаланың мақсаты – Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының археологиялық ескерткіштерінен табылған теңгелерді жүйелеу және оларды ақша айналым мен салттық тәжірибелердің белгелері ретінде түсіндіру. Зерттеуде талдау және жинақтау әдістерін қамтитын дереккөздер мен ғылыми әдебиетпен жұмыс істеудің стандартты әдістері қолданылды. Бұл әдістер теңгелердің таралуының хронологиялық, географиялық және саяси ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Талдау Сарыарқаның археологиялық ескерткіштерінен табылған 60 теңгелерге жүргізілді. Талдау нәтижесінде ең кең таралған Өзбек хан мен Жәнібек ханның соғылған тиындары екені белгілі болды, ал теңгелерді соғылған негізгі жие кездесетін теңге сарайлары – Сарай мен Хорезм қалалары. Әмір Темір әулеті мен Бұхар хандығына тиесілі жекелеген тиындар бұл өңірдің кейінгі кезеңдерде де мәдени байланыстарын сақтағанын көрсетеді. Шағатайлық теңгелердің жерлеу кешендерінен табылуы салттық мақсатта қолданылған тиындар тек Алтын Орда теңгелерімен ғана шектелмегенін дәлелдейді. Зерттеу мақсаты – Алтын Орда дәуіріндегі ақша айналымның даму барысын зерделеу және теңгелердің айырбас сауда жүйесіндегі рөлін анықтау. Бұл мақалада Сарыарқа аумағында ғылыми әдебиеттерде тіркелген теңге табылымдарының жинақталған топтамасы алғаш рет ұсынылып отыр. Зерттеу нәтижелері Сарыарқа аумағындағы табылған теңгелердің кеңінен экономикалық қызмет атқармағанын, сонымен қатар, айырбас саудаға негізделген жағдайларда ақша айналымының нашар дамуын көрсетеді. Алайда, олардың жерлеу кешендерінде, жиі өлген адамның қолында немесе бас сүйегінің астында сияқты нақты орындарда табылуы тиындардың салттық заттарға айналуын көрсетеді. Осылайша, тиын өзінің бастапқы экономикалық қызметін жоғалтып, жерлеу дәстүрі салтының бір бөлігіне айналып, белгілік мағына қабылдады. Бұл Алтын Орданың ақша айналымының жүйесі сияқты орталықтандырылған мемлекеттіліктің элементтері көшпелі мәдениетке бейімделіп, кейінгі әлемге байланысты дәстүрлі нанымдарға енген аймақтың мәдени дамуының синкреттік сипатын көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • И. Казмадиярова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Алматы, Қазақстан

    ғылыми қызметкер, докторант,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

  • Дж. Уэллет, Лейден университеті, Лейден, Нидерланд

    докторант

Әдебиеттер тізімі

Akishev K., Kushaev G. The Ancient Culture of the Saka and Usuns in the Ili River Valley. Alma-Ata: Publishing House of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. 1963. 320 p.

Allsen T. Culture and Conquest in Mongol Eurasia. Cambridge: Cambridge University Press. 2001. 245 р. DOI: https://doi.org/10.1017/CBO9780511497445

Bendezu-Sarmiento, J. "The first nomads in Central Asia's steppes (Kazakhstan): An overview of major socio-economic changes, derived from funerary practices of the Bronze and Iron Ages (2nd-1st millennium BCE)", in Nomad lives: From Prehistoric Times to the Present Day, MNHN, Paris. 2021. Pp.479-503.

Blackburn M. Coin Finds as primary historical evidence for medieval Europe', in Kaheinimiru Dynamism: Ou Chu Nichi Hikakuno Shitenkara (Dynamism in Coinage: Europe, China and Japan, Comparative Viewpoints), Dai 12 kai Shutsudosenkakenkyukai Houkokuyoushi in Fukuoka 2005 (Proceedings of the 12th Conference of the Coin Finds Research Group held in Fukuoka 2005), ed. Shinichi Sakuraki. Fukuoka. 2005. Pp.7-50.

Davidovich E. Corpus of Gold and Silver Coins. Moskva: Nauka Publ. 1992. 504 p.

Dietler M. Archaeologies of Colonialism: Consumption, Entanglement, and Violence in Ancient Mediterranean France. Berkeley: University of California Press. 2010. 464 p. DOI: https://doi.org/10.1525/9780520947948

Fedorov-Davydov G.A. The Culture of the Golden Horde. Moscow: Vostochnaya Literatura Publ. 2002. 398 p.

Gell A. Art and Agency: An Anthropological Theory. Oxford: Oxford University Press. 1998. 271 p. DOI: https://doi.org/10.1093/oso/9780198280132.001.0001

History of Kazakhstan (From the Earliest Times to the Present Day). Vol. 1. Almaty: Atamura. 1996. 544 p.

History of Kazakhstan in Arabic Sources. Vol. 2: Arabic Geographers and Travelers of the 9th–12th centuries. Almaty: Dayk-Press. 2010. 328 p.

Kadyrbaev M., Burnasheva R. A Kypchak Burial from the First Half of the 14th century from the Tasmola Cemetery. In: Following the Footsteps of Ancient Cultures of Kazakhstan. Almaty: Nauka. 1970. Pp.42-53.

Khazanov A. Nomads and the Outside World. Madison: University of Wisconsin Press. 1994. 442 p.

Kukhistani Masuda ben Osmani. The History of Abulkhair Khan. In Materials on the History of the Kazakh Khanates of the 15th–18th centuries: Excerpts from Persian and Turkic Writings, compiled by S. Ibragimov, N. Mingulov, K. Pishchulina, and V. Yudin. Alma-Ata.: Nauka. 1969. 652 p.

Margulan. A.Kh. Excavation of a Warrior’s Burial from the 14th century in the Nura River Valley. In: Works of the Institute of History, Archaeology, and Ethnography. Alma-Ata. 1959. T.7. Pp. 248-261.

Masson. M. Silver Coins of the 14th century from Burials in the Nura River Basin Cemetery. In: Works of the Institute of History, Archaeology, and Ethnography. 1959. Alma-Ata. T.7. Рp.262-265.

Pachkalov A. Numismatic Finds from the Mokrinskii I Cemetery. In: Questions of the History and Archaeology of Western Kazakhstan. Uralsk. 2009. Pp. 276-281.

Petrov P., Smagulov T. 14th century Numismatic Finds from the Necropolis near Lake Auliekol. Stratum plus. 2018. No.6, рp.167–184.

Petrov P., Kasenalin A., Smagulov T., Esen S. Coin Finds in 14th century Burials in the Saryarka Region (Central Kazakhstan). Stratum plus. 2021. No.6, рp.127–138. DOI: https://doi.org/10.55086/sp216127138

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-25

Журналдың саны

Бөлім

АРХЕОЛОГИЯ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Казмадиярова, И., and Дж. Уэллет. “Сарыарқаның археологиялық ескерткіштерінен табылған теңгелер: Ғылыми мақала”. Gumilyov Journal of History , 2025, vol. 152, no. 3S1, pp. 84-98, https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-152-3S1-84-98.