С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы: тұлғатану аспектілері
Ғылыми мақала
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 61DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-153-4-147-1691Түйін сөздер:
Алаш қозғалысы, тарихи дереккөз , Сәкен Сейфуллин, Кеңес идеологиясы , текстологиялық талдау, Тар жол, тайғақ кешуАңдатпа
XXI ғасыр – ғылым мен технологияның қарқынды дамыған кезеңі. Бұл үрдіс тарих ғылымына да әсер етіп, жаңа зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді. Соның ішінде тұлғатану бағыты ерекше маңызға ие болып, тарихи тұлғаларды зерттеудің жаңа қырларын ашты. Осыған байланысты, тарих ғылымы басқа салаларымен етене байланыста болуы арқылы тың деректер айналымға енуде. Тарих ғылымының бір саласы болып табылатын тұлғатану бойынша жаңа ғылыми еңбектер дүниеге келді. Бұл бағыт тұлғатанушы авторлар, Отан тарихындағы тұлғатанудың тарихи маңызын ғылыми тұрғыда атап көрсеттті. Тұлғатану белгілі тарихи қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеу арқылы өткен дәуірдің саяси, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеуде ел тәуелсіздігі үшін күрескен Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман‒эссесіне тарихи және текстологиялық талдау жүргізілді. Шығарма ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси‒тарихи оқиғаларын сипаттайтын маңызды дереккөзі ретінде қарастырылды. Зерттеу барысында романның 1927 жылы Қызылордада араб қарпімен жарық көрген алғашқы нұсқасы мен 1936, 1960, 1977, 1988, 2009 және 2012 жылдардағы басылымдары салыстырылып, мәтіндік айырмашылықтары анықталды. Бұл зерттеу осы шығармаға енгізілген өзгерістердің тарихи шындыққа қаншалықты әсер еткенін анықтауға бағытталған. Осы арқылы шығармаға енгізілген редакциялық түзетулердің тарихи шындықты қаншалықты өзгерткені зерделенді. Романдағы өзгерістерге жан‒жақты талдау жасалып, Сәкен Сейфуллиннің Алаш қайраткерлеріне қатысты көзқарастарының қалай берілгені зерттелді. Шығарманың бастапқы нұсқасында тарихи оқиғалар мен қайраткерлер туралы мәліметтер кеңірек қамтылғаны анықталды. Кейінгі басылымдарда кейбір деректердің өзгертілуі немесе қысқартылуы тарихи шындықтың бұрмалануына ықпал еткен. Бұл зерттеу романның тек әдеби шығарма ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси‒әлеуметтік тарихын зерттеуге негіз болатын маңызды дереккөзі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу барысында Сәкен Сейфуллиннің авторлық идеясы мен шығармашылық көзқарасының өзгеруіне әсер еткен факторлар қарастырылды. Оның шығармашылық мұрасын талдау арқылы сол кезеңдегі саяси жағдайдың, кеңестік идеологияның ықпалы және цензураның рөлі айқындалды. С.Сейфуллиннің романында тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге деген ұмтылысы көрініс тапқанымен, оның шығармасына кейінгі өзгерістердің енгізілуі тарихи шындықтың бұрмалануына алып келгені анықталды. Зерттеу нәтижелері текстологиялық сараптаманың маңыздылығын көрсетіп, тарихи еңбектердің түпнұсқалық деректермен сәйкестігін анықтаудың өзектілігін айқындайды. Сонымен қатар, тұлғатану ғылымының тарихи зерттеулердегі маңызын арттыруға ықпал етеді. Ғылыми мақалада тұлғатану бағыты бойынша ғылыми деңгейде теориялық‒методологиялық талдаулар жүргізіледі. Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын зерттеу тек әдебиеттану саласы үшін ғана емес, Қазақстан тарихының маңызды дереккөзі ретінде де ерекше мәнге ие. Бұл зерттеу нәтижелері тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және өткенді шынайы бағалау жолындағы маңызды, өзекті қадам болып табылады. Осы зерттеу текстологиялық сараптаманың маңыздылығын және тарихи дереккөздермен жұмыс істеудегі дәлдіктің қажет екенін айқындайды. Сонымен қатар, тұлғатану ғылымының тарихи танымға қосар үлесін арттыра түседі. Бұл жұмыс – өткенді шынайы бағалау мен ұлттық сана қалыптастыру жолындағы маңызды ғылыми қадам.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Aladağ H. H. Tarihî Figürlerin Psikobiyografisi: Tarihî Analizlerde Psikolojik Yaklaşımların Entegrasyonu. Vakanüvis – Uluslararası Tarih Araştırmaları Dergisi. 2024. No.1, pp.1-52. https://doi. org/10.24186/vakanuvis.1415401 (in Turkish)
Meirbekov A. Toponymic Heritage of Khoja Ahmed Yasawi. Journal of Turkish Culture and Haji Bektash Veli Research. 2023. No.105, pp.287-297. https://doi.org/10.34189/hbv.105.012 (in English)
Abzhanov H. Tarihşy. Almaty: Algorithm Publ. 2023. 488 p. (in Kazakh)
Baitursunov A. Revoliutsiia i kazakhi. Life is National. 1919. No.8. (in Russian)
Danilevskii I.N. Istoricheskaia tekstologiia. Moscow: Publishing House of the Higher School of Economics. 2018. 556 p. (in Russian)
Kakishev T. Qyzyl sūñqar. Almaty: Kazakhstan Publ. 1968. 288 p. (in Kazakh)
Kakishev T. Sahara sūñqary. Almaty: Kazygurt Publ. 2004. 406 p. (in Kazakh)
Kakishev T. Säken jaiyndağy soñğy derekter. Кazakh literature. 1991. No.4, pp. 6-7. (in Kazakh)
Kakishev T., Akhmet K. Tar jol, taiğaq keşudın tağdyry: Kömekşı oqu qūraly. Almaty: Category Publ. 1997. 224 p. (in Kazakh)
Kabdolov Z. Söz önerı. Almaty: School Publ. 1983. 231 p. (in Kazakh)
Kamzabekuly D. Ruhaniat: Maqalalar men zertteuler. Almaty: Education Publ. 1997. 272 p. (in Kazakh)
Kirabaev S. Säken Seifullin. Almaty: Writer Publ. 1974. 432 p. (in Kazakh)
Kozybaev M. Өrkeniet zhәne ұlt. Almaty: Kozdik ‒ Dictionary. 2001. 368 р. (in Kazakh)
Repina L., Zvereva V., Paramonova T. Istoriia istoricheskogo znaniia. Mosсow: İurait Publ. 2012. 370 p. (in Russian)
Seifullin S. Tar jol, taiğaq keşu turaly. Ädebiet maidany. 1929. No.7. (in Kazakh)
Seifullin S. Tar jol, taiğaq keşu (arab grafikasy). Kyzylorda: Kazakh USSR State Publishing House. 1927.421 p (in Kazakh)
Seifullin S. Tar jol, taiğaq keşu (latyn grafikasy). Almaty: Kazakhstan Literature Publishing House. 1936. 526 p. (in Kazakh)
Seifullin S. Tar jol, taiğaq keşu. Almaty: Kazakh State Art Publishing House. 1960. 483 p. (in Kazakh)
Seifullin S. Tar jol, taiğaq keşu. Almaty: Writer Publ. 1977. 401 p. (in Kazakh)
Seifullin S. Tar jol, taiğaq keşu. Almaty: Writer Publ. 2009. 432 p. (in Kazakh)
Seifullin S. Öleñder men dastandar. Almaty: Writer Publ. 2005. 448 p. (in Kazakh)
Toqaev Q. Ūlttyq qūryltaiğa arnağan sözı.. https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasymzhomart-tokaevtyn-ulttyk-kuryltaydyn-adiletti-kazakstan-adal-azamat-atty-ekinshi-otyrysyndasoylegen-sozi-1752959 Date of request: 18.04.2025. (in Kazakh)
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Г. Ибраева, К. Сейтказина , А. Ташагыл

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.








