“Гаср әл-Джадид” татар журналы және ХХ ғасырдың басындағы Дала өлкесінің мұсылмандары
Ғылыми мақала
Қаралымдар: 167 / PDF жүктеулері: 124DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-129X-2026-156-3-202-222Түйін сөздер:
Гаср ал-Джадид, Дала өлкесі, зиялылар, империялық цензура, ислам, кітап мәдениеті, мерзімді баспасөзАңдатпа
Зерттеу ХХ ғасырдың басындағы мұсылмандық аймақтық мерзімді баспасөздің Дала өлкесіндегі қоғамдық өмірді жаңғыртудың құралы ретіндегі қызметін кешенді талдау қажет-тілігінен туындайды. 1905-1907 жылдардағы революциялық үдерістер кезеңінде ұлттық қозғалыстардың жандануына қарамастан, Орал қаласында жарық көрген татар басылымдарының өңірдің мәдени және саяси кеңістігін трансформациялаудағы рөлі жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Осы тұрғыда тұңғыш татар саяси-әдеби журналы “Гаср ал-Джадидті” жергілікті зиялы қауым мен кең ауқымды мұсылман оқырмандары арасындағы өзара ықпалдастық алаңы ретінде қарастыру айрықша мәнге ие. Зерттеудің мақсаты – журналдың пайда болу, қызмет ету және жабылу ерекшеліктерін империялық цензура саясаты мен ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси өзгерістер контекстінде айқындау. Зерттеу шеңберінде бас редактор К.М. Тухватуллиннің интеллектуалдық келбеті реконструкцияланып, жарияланымдардың тақырыптық ауқымы талданады, өңірлік авторлардың үлесі анықталады және басылымның Дала өлкесіндегі мұсылман қауымына ықпалы бағаланады. Әдіснамалық негіз ретінде тарихилық қағидасы, салыстырмалы-тарихи талдау және журнал материалдары мен ілеспе мерзімді басылымдарға контент-талдау қолданылды. Орталық және өңірлік архив қорлары журналды цензура органдарымен келісу тетіктерін және әкімшілік қысым түрлерін анықтауға мүмкіндік берді. Редакциялық мәтіндер мен цензорлық пікірлерді сыни талдау мазмұнды саяси шектеулерге бейімдеу стратегияларын айқындады. Зерттеу нәтижесінде журналдың білім беруді жаңғырту, әйелдер құқықтарын кеңейту, қайырымдылық қызметін дамыту, мұсылмандарды қоғамдық-саяси өмірге тарту секілді реформаторлық идеяларды таратуда маңызды арна болғаны анықталды. Басылым Орал, Қопал, Ақмешіт және басқа да қалалар авторларын біріктірген өңіраралық интеллектуалдық желінің қалыптасуына ықпал етті. Редакцияның діни саясат пен отарлау үдерістеріне қатысты белсенді ұстанымы айқындалды. Журналдың жабылуы цензуралық бақылаудың күшеюі, редакторға қарсы сот қудалауы, қаржылық және ұйымдастырушылық қиындықтар секілді факторлардың жиынтығымен түсіндірілді. Қорытындылай келе, журнал Дала өлкесіндегі мұсылман қоғамдық кеңістігінің қалыптасуында жүйе құраушы рөл атқарды. Оның қызметі модернизациялық ұмтылыстар мен империялық әкімшілікпен жасалған мәжбүрлі ымыралардың тоғысын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері аймақтық татар баспасөзін ХХ ғасыр басындағы мұсылман қоғамының трансформациясындағы маңызды фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және жергілікті кітап мәдениеті орталықтарын одан әрі зерделеудің болашағын айқындайды.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Crews R. For Prophet and Tsar: Islam and Empire in Russia and Central Asia. Cambridge: Harvard University Press. 2006. 463 p.
Ross D. Tatar Empire: Kazan’s Muslims and the Making of Imperial Russia. Bloomington: Indiana University Press. 2020. 278 p. DOI: https://doi.org/10.2307/j.ctvtv943z
Usmanova D. Tatar Press 1905-1918: sources, stages of development and Quantitative Analyzes. In: Muslim Culture in Russia and Central Asia from the 18th to the Early 20th centuries. Vol.1. Edited by Michael Kemper, Anke von Kügelgen, Dmitriy Yermakov. Berlin. 1996. Рр.239-278. DOI: https://doi.org/10.1515/9783112401378-012
Abuzjarov R., Tuaeva Z. Uralsk v sudbe Gabdully Tukaia. ral: Editorial and Publishing Department of WKGU. 2002. 128 р.
Amirhanov R. Tatarskaia demokraticheskaia pechat (1905-1907 gg). Moscow: Nauka. 1988. 188 р.
Demiroglu H. Kirgizy i kazakhi v tatarskikh gazetakh Povolzhia i Urala (1905-1912). Black Sea International Scientific. 2012. Is.13, рр.120-134.
Geraci R. A Okno na Vostok: Imperiia, orientalizm, natsiia i religiia v Rossii. Translated from English by V. Goncharov. Moscow: New Literary Review. 2013. 546 р.
Egorov N. N.I. Ashmarin – vydaiushchiisia issledovatel iazyka, folklora i istorii chuvashskogo naroda. In: N.I. Ashmarin – Founder of Chuvash Linguistics. Collection of Articles. Cheboksary. 1971. 272 р.
Karimullin A. Tatarskaia kniga poreformennoi Rossii. Kazan: Tatar Book Publishing House. 1983. 278 р.
Ksenzhik G. Periodicheskaia pechat Turkestanskogo kraia kak istochnik po izucheniiu istorii Kazakhstana nachala KhKh v. Gumilyov Journal of History. 2025. Vol.150, no.1, рр.109-127. https://doi.org/10.32523/3080-129Х-2025-150-1-109-127.
Legky D., Ibraev E., Tabuldenov A. Akhmet Baitursynov i gazeta "Қazaқ" nakanune Fevralskoi revoliutsii 1917 g. v Rossii. Bulletin of Abai KazNPU. Series: Historical and Socio‑Political Sciences. 2023. Vol.1, no.76, рр.34-43.
Materialy po istorii kazakhskogo naroda na stranitsakh zhurnala "Shura". ompiled and translated from Tatar by I. Mustakimova; general ed. by E. Sydykov. Astana: L.N. Gumilyov Eurasian National University. 2024. 362 р.
Makhmutov Z. Istoriia tatar Astany (XIX ‒ nachalo XX v.). Kazan: Tatar Book Publishing House. 2017. 223 р.
Redaktor gazety "Fiker" K.M. Tukhvatullin. In: Tukay G. Works. Vol. 3. Kazan: Tatar Book Publishing House. 2016. 356 р.
Sibgatullina A. Kontakty tiurok-musulman Rossiiskoi i Osmanskoi imperii na rubezhe XIX-XX vv. Moscow: Institute of Oriental Studies RAS. 2010. 264 р.
Subkhanberdina Ү. Qazaq halqynyñ atamūralary: Mazmūndalğan bibliografialyq körsetkış. Almaty: Gylym. 1999. Рр.134-241.
Tatarskiy teatr (1906-1926). Vtoroye izdaniye. Kazan: Enlightenment. 2003. 308 р.
Tatary Kazakhstana: illiustrirovannyi entsiklopedicheskii slovar. Pod red. R.V. Shaidullina. Kazan: Institute of Tatar Encyclopedia and Regional Studies, Academy of Sciences of the Republic of Tatarstan. 2016. 480 р.
Friderikh M. Gabdulla Tukai kak obieekt ideologicheskoi borby. Kazan: Tatar Book Publishing House. 2011. 343 р.
Khafizov G. Kulturtrigerskaia deiatelnost tatarskoi intelligentsii v XIX – pervoi chetverti KhKh vv. Kazan: Kazan University Press. 2003. 283 р.
Shabley P. Musulmane goroda Tary i Kazakhskaia step: sotsiokulturnye vzaimodeistviia v XIX – nachale XX veka. From the History and Culture of the Peoples of the Middle Volga Region. 2021. Vol.1, no.11, рр.104-114.
Yakhin F. Tatarskaia literatura v periodicheskoi pechati Uralska (1905-1907 gg.). Kazan: Tatar Book Publishing House. 1992. 125 р.
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 П. Шаблей, Ж. Нурбаев

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.