Шыңғыс ханның «Жамиғ ат-тауарихтағы» тарихы мен қазақ даласындағы саяси және әлеуметтік-генетикалық мұрасы

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 41

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-153-4-111-128

Түйін сөздер:

Рашид әд-Дин, Шыңғысхан, моңғолдар, нирун, қазақ, өзбек, Жошы, генетика, шежіре, сабақтастық
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Бұл мақалада Рашид әд-Динның «Жамиғ ат-тауарих» («Шежірелер жинағы») атты тарихи еңбегі негізінде Шыңғыс ханның тарихы мен оның қазақ даласындағы саяси, сондай-ақ әлеуметтік-генетикалық мұрасы зерттелген. Рашид әд-Дин - Хулагуидтер мемлекетінің жоғары дәрежелі мемлекет қайраткері, әрі уәзірі болған тұлға. Ол өз еңбегінде ресми моңғол жылнамаларынан және ақсүйектердің ауызша шежірелерінен тікелей ақпарат алған. Сондықтан бұл шығарма - Шыңғыс ханның шығу тегі мен тарихы, сол дәуірдегі саяси жағдай, сондай-ақ моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы тайпалар мен халықтар арасындағы өзара қатынастар туралы терең әрі жан-жақты мәлімет беретін бірегей дереккөз болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты - Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасын XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстанның этносаяси тарихы мен сол кезеңдегі этникалық үдерістерді қалпына келтіруге арналған негізгі нарративтік дерек ретінде кешенді түрде пайдалану. Нәтижелер мен қорытындылар. Зерттеу нәтижесінде Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» еңбегі XIII ғасырдағы Орталық Азиядағы моңғол шапқыншылығы дәуірін және қазіргі Қазақстан аумағындағы этносаяси трансформацияларды зерттеуге арналған аса маңызды жазбаша дереккөз екені анықталды. Нақты мәліметтер негізінде қазақ халқының этникалық құрамының қалыптасуына маңызды үлес қосқан найман, керей, қыпшақ, жалайыр, қоңырат, арғын және басқа да тайпалардың шығу тегі, қоныстануы мен саяси тарихы зерттелді. Сонымен қатар, Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының - кейінгі қазақ хандары шыққан нирундардың - шығу тегі мен тарихи рөлі зерттелді. Мақалада XIII–XIV ғасырлардағы саяси және этносоциологиялық үдерістерге, сондай-ақ бұл дәуірдің Қазақ хандығының құрылуына тигізген ықпалына ерекше назар аударылады. Шыңғыс хан тек жаулаушы ретінде емес, сонымен бірге түркі-моңғол әлемінде мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырған тарихи тұлға ретінде сипатталады. Оның ұрпақтарының Орта Азия кеңістігіндегі және Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі де талданады. Шығармада сипатталған тайпалар арасындағы қарым-қатынастар, билік құрылымдары, басқару үлгілері мен құқықтық нормалар кейінгі Ұлы дала саяси мәдениетінің, соның ішінде Қазақ хандығының негізін қалаған. «Жамиғ ат-тауарих» еңбегінде сақталған бірегей деректер қазақ халқының шығу тегі мен этногенездік үдерістерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мақала Шыңғысхан мұрасын қазіргі ғылыми таным аясында, моңғол шапқыншылығы нәтижесінде қазіргі Қазақстан аумағында орын алған этногенетикалық және саяси өзгерістер контексінде тұжырымдамалық тұрғыда қайта пайымдауға бағытталған.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

  • Г. Асанова, Астана Халықаралық университеті, Астана, Казақстан

    тарих ғылымдарының кандидаты (PhD)

  • Д. Калиев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    кандидат педагогических наук, Казахстанско-Белорусский центр научно-технического сотрудничества

Әдебиеттер тізімі

Akhinzhanov S. Kypchaki v istorii srednevekovogo Kazakhstana. Alma Ata: Science Publ. 1989. 293 p.

Akhmedov B. Gosudarstvo kochevykh uzbekov. Moscow. 1965. 196 p.

Valikhanov Ch. Kirgizskoe rodoslovie. Collected works in five volumes. Vol.2. Alma-Ata: Main edition of the Kazakh Soviet Encyclopedia, 1985. 2nd ed. additional and revised. Рp.148-166.

Vernadskii G. Mongoly i Rus’. Tver: LEAN, Moscow: AGRAF. 1997. 480 p.

Vyatkin M. Ocherki po istorii Kazakhskoi SSR s drevneishikh vremen po 1870 g. Vol. 1. USSR Academy of Sciences, Institute of History and Kazakhstan branch, Moscow: OGIZGospolitizdat. 1941. 368 p.

Grekov B., Iakubovskii A. Zolotaia Orda i ee padenie. Moscow-Leningrad. 1950. 478 p.

Grumm-Grzhimailo G. Zapadnaia Mongoliia i Uriankhaiskii krai. Leningrad. 1926. Vol.II. 900 p.

Zhabagin M., Sabitov Zh., Tarlykov P. et al. Srednevekovye mongol’skie korni Y-khromosomnykh liniy iz Iuzhnogo Kazakhstana. BMC Genetics. 2020. Vol.21. Suppl.1. Art.87. https://doi.org/10.1186/s12863-020-00897-5 DOI: https://doi.org/10.1186/s12863-020-00897-5

Karpini Plano Dzhovanni del. Istoriia mongolov. de Rubruk G. Puteshestvie v vostochne strany. 4th ed. Moscow: Mysl’. 1997. 461 p.

Kinayatuly Z. Qazaq memleketı jäne Joşy han. (Tarihi-saraptamalyq zertteu). Astana: Elorda. 2004. 344 p.

Mukanov M. Etnicheskii sostav i rasselenie kazakhov Srednego Zhuza. Alma Ata: Nauka Publ. 1974. 200 p.

Rashid ad-Din Dzhamiʿ at-tavarih. Sbornik letopisei. Vol.1. B.2. Moscow-Leningrad: Publishing House of the USSR Academy of Sciences. 1952. 315 p.

Sabitov Zh., Baimukhanov N. Niruny i subklad C2a3-F4002 (starklaster). Russian Journal of Genetic Genealogy. 2014. Vol.6, no.2. 2015. Vol.7, no.1.

Savelev P. Bukhara v 1835 godu: S prisoyedineniem izvestii obo vskh evropeiskikh puteshestvennikakh, poseshchavshikh etot gorod do 1835 goda vkliuchitel’no. P. Savelyev. St. Petersburg. 1836. 26 p.

Tokayev K. Toqaevtyn’ törtinshi Ulttyq quryltai otýrysyndagy sóilegen sózi, 14 naýryz 2025. Accessed via: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ulttyk-kuryltaydyn-tortinshi-otyrysynda-soylegen-sozi-14242

Ushnitskii V. Srednevekovye narody Tsentral’noi Azii (voprosy proiskhozhdeniia i etnicheskoĭ istorii tiurko-mongol’skikh plemen). Kazan: Publishing house "Fen" of the Academy of Sciences of the Republic of Tatarstan. 2009. 116 p.

Fazlallah ibn Ruzbikhan Isfahani Mikhman-name-yi Bukhara (Zapiski bukharskogo gostia). Translated by R. P. Dzhalilova. Moscow: Nauka Publ. 1976. 526 p.

Жарияланды

2025-11-21

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ