Қазақстандағы 1928-1932 жж. халық көтерілістері мен наразылықтары

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 99

Авторлар

  • Т. Алланиязов Ө. Байқоңыров атындағы Жезказған университеті, Жезказған, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-6761-1525

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-153-4-91-110

Түйін сөздер:

кезеңдер, мінез, репрессиялар, сан, себептер, тактика, халық көтерілістері, Қазақстан, қарулану, құрам
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – 1928-1932 жылдар аралығында Қазақстанда орын алған халық көтерілістері мен наразылықтарының тарихын зерттеу. Ғылыми жұмыстың міндеті – қарсылықтың кезеңдерін, санын, динамикасы мен формаларын анықтау, сондай-ақ көтерілістер мен наразылықтардың қозғаушы күштерін, мақсаты мен сипатын, олардың қатысушыларының санын анықтау. Зерттеудің өзектілігі мен жаңалығы көпшілігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған құжаттық дереккөздердің сыни тұрғыда терең талдануында, халықтық көтерілістер мен наразылықтардың статистикасы, олардың қатысушыларының саны, сондай-ақ көтерілістер мен наразылықтарға репрессияланған қатысушылардың саны туралы деректердің жаңартылып ұсынылуында. Зерттеу нәтижелері Кеңес билігі мен мемлекетінің 1928-1932 жылдар аралығында жүзеге асырған саясаты билік пен әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы әлеуметтік-саяси қайшылықтарды күшейтіп, ауқымды халықтық көтерілістер мен наразылықтарға әкеп соқтырғанын көрсетті. Мазмұны бойынша олар: а) әскерилер және коммунистік отрядтар арасындағы әскери қақтығыстарға әкеп соқтырған қарулы ереуілдер; б) Біріккен мемлекеттік саяси басқарма әскерлерінің және шекара әскерлерінің қатаң әскери қимылдарымен сүйемелденген қарулы түрде мәжбүрлеп қоныс аударулар; в) нан мен мал дайындаудан бас тарту, «Союзмясо» базаларына шабуыл жасау, қоғамдық малды талан-таражға салу, қоймалардан нан ұрлау, сияқты әрекеттер арқылы биліктің шаруашылық-саяси науқандарына қарсылық көрсеткен  бейбіт сипаттағы акциялар. Барлық қарулы бас көтерулер ең қатал түрде басылды, ал олардың қатысушылары қылмыстық қудалауға және жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. Құжаттар мен материалдарды мұқият зерттеу барысында 1929-1931 жылдары қарусыз қарсылықтың саны 372 емес, 399 болғаны туралы деректер анықталды. 1932 жылдың бірінші жартыжылдығында азық-түлік тапшылығына қарсы өткен 120-дан астам жаппай қарсылықты ескерсек, 1928-1932 жылдардағы халық көтерілістері мен наразылықтарының жалпы саны 545 құрады, оның ішінде 26-сы қарулы қақтығыс болып, оған 100 мыңнан астам адам қатысты.  Қарулы да, қарусыз да жаппай қарсылықтардың жалпы санына мәжбүрлі қоныс аударулар, «контрреволюциялық» ұйымдар мен топтардың қызметі, «бандалардың» әрекеттері жатқызылды. ҚР ПА-да шоғырланған АТЖ-ны құпиясыздандыру, ҚР ҰҚК АМА-де сақталған жабық материалдарға қол жеткізу 1931-1932 жылдардың соңындағы «бандалық қозғалыстың» тарихы бойынша материалдардың едәуір көлемінің барлық жиынтығын мұқият зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл наразылық қозғалыстарын қылмыстық бояуы немесе қылмыстық-саяси бояуы бар «бандалардың» әрекеттерінен ажыратуға және наразылық қозғалысының хронологиялық шеңберін 1932 жылға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақ шаруасының Кеңес өкіметінің аграрлық саясатына қарсы наразылығының бір түрі болып табылатын «бандалык қөшіқон» жіктемесі мәселесін тұрғылықты жерінен тыс немесе шетелде зерделеу қажет.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Т. Алланиязов, Ө. Байқоңыров атындағы Жезказған университеті, Жезказған, Қазақстан

    тарих ғылымдарының кандидаты

Әдебиеттер тізімі

Ohayon I. La sédentarisation des Kazakhs dans l’URSS de Staline. Collectivisation et changement social (1928–1945). Paris: Maisonneuve et Larose. 2006. 416 p.

Pianciola N., Zharassov A. Elusive Rebels: Researching the Uprisings on the Eve of the Great Famine in Kazakhstan (1929–1931). Al-Farabi Kazakh National University. Journal of history. Almaty. 2020. No.2(97), с.34–43. DOI: https://doi.org/10.26577/JH.2020.v97.i2.04

Aldazhumanov K. Krestianskoe dvizhenie soprotivleniia. Deportirovannye v Kazakhstan narody: vremia i sudby. Almaty: Arys. 1998. Рp.66-92.

Allaniyazov T. «Kontrrevoliutsiia» v Kazakhstane: Chimbaiskii variant. Almaty: XXI Century Foundation. 1999. 219 p.

Allaniyazov T., Taukenov A. Shetskaia tragediia. Iz istorii antisovetskikh vooruzhennykh vystuplenii v Tsentralnom Kazakhstane v 1930–1931 gg. Almaty: XXI Century Foundation. 2000. 164 р.

Allaniyazov T., Taukenov A. Poslednii rubezh zashchitnikov nomadizma. Istoriia vooruzhennykh vystuplenii i povstancheskikh dvizhenii v Kazakhstane (1929–1931 gody). Almaty. 2009. 424 p.

Asharshylyқ. Golod. 1928–1934. Dokumentalnaia khronika. Sb. dok. V 5 t. Otv.red. B. Әbdіғalіұly. Almaty: Atamura. 2021. Vol.2: 1930-1931. 1240 p.

Zhanbossinova A. Tolstoukhovskii miatezh v istochnikakh i materialakh. National History. 2018. No.3(83), pp.192–203. DOI: https://doi.org/10.1080/1041794X.2018.1441897

Zhumagulov B. Sūrqia saiasat soiqany. Almaty: Three Sorrows. 2021.312 р.

Kindler R. Stalinskie kochevniki. Vlast i golod v Kazakhstane. Per. s nem. L. Pantinoi. Moscow: Political Encyclopedia. 2017. 382 p.

Omarbekov T. Zobalan. Almaty: Category. 1994. 270 р.

Omarbekov T. 20–30 jyldardağy Qazaqstan qasıretı. Almaty. 1997. 320 р.

Omarbekov T. 1929–1931 jyldardağy halyq köterılısterı: Zertteu. Almaty: Аrys Рubl. House. 2018. 480 р.

Sovetskaia derevnia glazami VChK-OGPU-NKVD. 1918–1939. Dokumenty i materialy. V 4 t. T.3, kn.1: 1930–1931. Moscow: ROSSPEN. 2003. 864 р.

Tragediia sovetskoi derevni. Kollektivizatsiia i raskulachivanie. 1927–1939. Dokumenty i materialy. V 5 t. T. 1: Mai 1927 – noiabr 1929. Pod red. V. Danilova, R. Manning, L. Violy. Moscow: ROSSPEN.1999. 880 р.

Tragediia sovetskoi derevni. Kollektivizatsiia i raskulachivanie. 1927–1939. Dokumenty i materialy. V 5 t. T. Noiabr 1929 – dekabr 1930. Pod red. V. Danilova, R. Manning, L. Violy. Moscow: ROSSPEN. 2000. 927 р.

Tragediia sovetskoi derevni. Kollektivizatsiia i raskulachivanie. 1927–1939. Dokumenty i materialy. V 5 t. T.3: Konets 1930 – 1933. Pod red. V. Danilova, R. Manning, L. Violy. Moscow: ROSSPEN. 2001. 1008 р.

Stamshalov E. 1928 jylğy Jetısudağy Araltöbe köterılısı. Keñestık Qazaqstandağy äleumettık jäne etnikalyq qaqtyğystar tarihynyñ tağylymy (1920–1991 jj.): Ūjymdyq monografia. K. Aldazhumanov, M. Kalybekova, G. Kokebaeva et. Almaty: Litera-m LLP. 2023. 320 р.

Khaidarov E. Batys Qazaqstan oblysyndağy halyq köterılısterı (1928–1932 j.j.). Uralsk publ. House "DANA". 2002. 200 р.

Жарияланды

2025-11-21

Журналдың саны

Бөлім

ОТАН ТАРИХЫ