Жетісу түркілерінің антропологиясына қатысты жаңа мәліметтер
Ғылыми мақала
Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 0DOI:
https://doi.org/10.32523/6pntn367Кілт сөздер:
Жетісу, түркі кезеңі, палеоантропология, краниология, остеометрия, одонтология , бассүйек, посткраниальды қаңқа, түркілер, «бесік деформациясы»Аңдатпа
Мақалада Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан Самсы ескерткішінен табылған материалдар негізінде Жетісу түркілерінің антропологиялық ерекшеліктері қарастырылады. С14 радиокөміртекті талдау және жерлеу рәсімі мен заттай деректерді саралау нәтижелері бойынша қорымның ерте түркі жерлеулері VIII–X ғғ. мерзімделеді. Зерттеудің мақсаты – Жетісу түркілерінің антропологиясы бойынша жаңа деректерді ғылыми айналымға енгізу және отан тарихының аз зерттелген бағытындағы дереккөздерді толықтыру. Самсы ескерткішінде жерленген адамдардың қаңқа сүйектерін зерттеу жұмыстары Ә. Марғұлан атындағы Археология институты Физикалық антропология зертханасында жүзеге асырылды. Мақалада Самсы қорымынан табылған адамдардың бас сүйектерінің, тістерінің және посткраниальды қаңқасының морфологиялық ерекшеліктері талданған. Ол үшін бас сүйектер мен посткраниальды қаңқа элементтері краниометриялық және остеометриялық бағдарламаларға сәйкес өлшенді. Краниологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша бұл қорымға жерленген адамдардың бірнеше антропологиялық типтерге жататындығы белгілі болды. Олар – еуропеоидтық, моңғолоидтық және аралас типтер. Жалпы алғанда, қорымға жерленген ер адамдардың бас сүйектерінің ұзындығы орташа, көлденең ені үлкен және биіктік диаметрі кіші мәндермен сипатталады. Бас сүйек индексі бойынша краниумдар брахикранды санатына жатады. Әйел адамдардың бас сүйектері, ерлердің бас сүйектері сынды морфологиялық жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Бірнеше бассүйектерден жасанды «бесік» деформациясының іздері анықталды. Бас пішініндегі мұндай өзгерістер, әдетте, баланың бесікке арқасымен ұзақ жатуы әсеренінен пайда болады. Индивидтардың тіс жүйесін зерттеу негізінде Жетісудың ерте түріктерінің одонтологиялық типі Шығыс (моңғолоид) элементтерінің қатысуымен араласқан еуропеоидтық түрмен сипатталады деген қорытынды жасалады. Қазіргі Қазақстаннан және іргелес өңірлерден табылған түркі кезеңі материалдарынан ежелгі түркілердің антропологиялық құрамының аралас болғандығын байқауға болады. Посткраниумдарды талдаудың нәтижелері бойынша Жетісу түркілерінің остеологиялық конституциясы «далалық» морфологиялық типке жататындығын атап өтуге болады. Бұл тип қола және темір дәуірлерінде Еуразия аумағында кең таралған және аяқ-қол сүйектерінің орташа немесе жоғары деңгейде дамуымен сипатталады.
К. Пирсон мен А. Ли әдісімен оң жақ ортан жілік сүйектерінің өлшемдерімен есептелген дене ұзындығы орта есеппен 166,9 см, ал С. Дюпертюи мен Д. Хэдденнің формуласы бойынша 173,4 см. Әйелдердің посткраниальды қаңқалары неғұрлым грацильді болып келеді. Ондағы барлық ұзын сүйектер орташа (орташадан төмен) массивтілікпен сипатталады. Сүйектердегі бұлшықеттердің бекінетін орындарының бұдырлары орташа немесе орташадан жоғары деңгейде дамыған. Пропорция индекстері аяқ-қол сүйектері ұзындығының өзара орташа арақатынасын көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Aitkul Kh. Qazaqstan Respublikasy Memlekettık ortalyq muzeiınıñ 2018 zhyly Aqterek qorymynda zhürgızgen arkheologiialyq qazba zhūmystarynyñ nätizhelerı. In: XI Orazbayev Readings. А. Toleubayev (ed.). Almaty: "Қazaқ universitetі" Publ., Рр.181‒192. (in Kazakh)
Alekseev V. Osteometriya. Metodika antropologicheskikh issledovaniĭ. Moscow: "Nauka" Publ., 1966. 251 р. (in Russian)
Alekseev V., Debets G. Kraniometriya. Metodika antropologicheskikh issledovaniĭ. Moscow: "Nauka" Publ., 1964. 128 р. (in Russian)
Akhmetzhan K. Voennaya simvolika drevnikh tyurkov (po izobrazitel'nym istochnikam). Bulletin of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Series: Historical Sciences. Philosophy. Religious. Studies. 2024. Vol.149, no.4, рр.63‒87. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-149-4-63-87 (in Russian)
Buranbaev R., Zhanuzak R., Sherbaev R. Rannetiurkskie pogrebeniia pamiatnika Samsy: pogrebalnyi obriad i paleoantropologicheskii analiz (Shu-Ileiskoe mezhdureche). Materials on Archaeology and History of the Ancient and Medieval Black Sea Region. 2024. No.18, pp. 136‒164. (in Russian)
Ismagulov O. Materialy po antropologii tiurkov Semirechia. In: New in the Archaeology of Kazakhstan Ed. by M.K. Kadybayev. Alma-Ata: "Nauka" Publ., 1968. Рр. 112‒127. (in Russian)
Ismagulov O. Antropologicheskie dannye o tiurkakh Priirtyshia. In: Culture of Ancient Pastoralists and i Farmers of Kazakhstan. Ed. by. K.A. Akishev. Alma-Ata: "Nauka" Publ., 1969. Pp. 80‒90. (in Russian)
Ismagulov O. Naselenie Kazakhstana ot epokhi bronzy do sovremennosti (paleoantropologicheskoe issledovanie). Alma-Ata: "Nauka" Publ., 1970. 241 p. (in Russian)
Kairken T. Türkı qağanaty däuırındegı Altaidyñ tarihi geografiasy (VI‒XIII ğğ.) Bulletin of the L. Gumilyov Eurasian National University. Series: Historical Sciences. Philosophy. Religious Studies . 2021. Vol.136, no.3, pp.40–61. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2021-136-3-40-61 (in Kazakh)
Komarov S., Kitov E. Novye kraniologicheskie dannye k voprosu ob antropologicheskom sostave tiurkskogo naseleniia stepnoĭ polosy srednego Priirtyshia X‒XII vv. Bulletin of Archaeology, Anthropology and Etnografii. 2016. No. 2(33), рр. 97‒111. (in Russian)
Mednikova M. Osteometricheskaia metodika v bioarkheologicheskikh rekonstruktsiiakh. In:"Historical Ecology of Humans: Methodology of Biological Research" Ed. by E.Z. Godina. Moscow: "Stary Sad" Publ., 1998. Pp. 33‒86. (in Russian)
Pezhemskii D. Izmenchivost prodolnykh razmerov trubchatykh kostei cheloveka i vozmozhnosti rekonstruktsii teloslozheniia. dis. ... kand. biol. nauk. Moscow: "MGU" Publ., 2011. 326 p. (in Russian)
Saikeneva D. «Svoi i chuzhoi» v mifopoeticheskom mire tiurkov: inakovost kak priznak prinadlezhnosti k nizhnemu miru. Bulletin of the L. Gumilyov Eurasian National University. Series: Historical Sciences Philosophy. Religious Studies. 2023. Vol.143, No.2, рp.74‒85. https://doi. org/10.32523/2616-7255-2023-143-2-74-85 (in Russian)
Khasenova B. K istorii odnoi antropologicheskoi kollektsii epokhi srednevekovia iz Kostanaiskogo Pritobolia. In: Margulan Readings – 2023. In 2 vols. Vol. 1. Рp. 374‒378. (in Russian)
Khokhlov A., Grigorev A. K metodike otsenki metricheskikh dannykh po osnovnym absoliutnym priznakam i ukazateliam skeleta cheloveka (po antropologicheskim materialam nekropolei g. Samary XVIII‒XIX vv.). Bulletin of Moscow University. Series 23: Antropologiia. 2020. No. 3. Pp.68‒76. (in Russian)
Shagirbaev M., Buranbaev R., Sherbaev R. Loshadi iz rannetiurkskikh pogrebenii: po materialam pamiatnika Samsy (Shu-Ileiskoe mezhdureche. Kazakstan arheologiyasy (Kazakhstan archeology). 2024. No.2(24), pp.252‒269. (in Russian)

Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Р. Жанузак, К. Сихымбаева, С. Иванов

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.