Қола дәуірінің саздан жасалған ыдыстарын морфологиялық талдау(Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің материалдары бойынша)
Ғылыми мақала
Қаралымдар: 35 / PDF жүктеулері: 25 / PDF жүктеулері: 5DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-129X-2026-154-1-38-59Түйін сөздер:
шығыс Қазақстан, қола дәуірі, керамика, андронов мәдени-тарихи қауымдастығы, Нұра мәдениеті, морфология, пішінАңдатпа
Бұл жұмыста Өскемен қаласындағы Облыстық өлкетану музейі қорынан алынған қола дәуірінің керамика топтамасы бойынша морфологиялық кешенді талдау ұсынылған. Зерттеудің басты деректік базасы ретінде аймақтың белгілі ескерткіштері болып саналатын Маринка, Барашки, Березовский және Зевакинский қорымдарындағы археологиялық қазба барысында алынған қыш ыдыстар пайдаланылды. Бұл ескерткіштер Шығыс Қазақстанның маңызды географиялық аймақтарында орналасқандықтан, оларды талдау арқылы бүкіл облыс аумағындағы этномәдени үдерістерді түсінуде жоғары репрезентативті ақпарат алуға болады. Зерттеу жұмысы өңірдегі қыш ыдыстарды жасаудың мәдени дәстүрлерін анықтауға бағытталған және де қыш ыдыс пішіндерін, ою-өрнек мәнерін талдауды және әр түрлі қорымдардан алынған керамика топтамасын салыстырмалы сараптауды қамтиды. Осылар арқылы сол қорымдар арасындағы генетикалық байланыстар мен мәдени ерекшеліктер анықталды. Функционалдық бөліктерді зерттеу әдістемесіне негізделген морфологиялық талдау жұмысы пішіндердің айтарлықтай әртүрлілігін анықтады – өте оңай үш бөліктіден аса күрделі алты бөлікті пішіндерге дейін. Ал функционалдық бөліктердің қалыптасу дәрежесін талдау технологиялық өзгерістердің таңдаулылығын көрсететін хронологиялық динамика заңдылықтарын айғақтады. Зерттеліп отырған кезең бойы кейбір ыдыс түрлерінде (құмыралар) бүйірінің дамуы байқалса, ал басқаларында (банкі тәрізді ыдыстарда) құлдырау көрінеді, бұл ыдыстарға қойылатын функционалды талаптардың қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің орын алуына қарай қалыптасқандығын көрсетіп берді. Ою-өрнек салу дәстүрінде де келесідей күрделі синтез байқалады: ұжымдық бірегейліктің маркері ретінде көрінетін тұрақты жергілікті негіздің сақталуы және сыртқы мәдени әсерлерді белсенді қабылдаудың кездесуі. Қыш-ыдыс топтамасының өзегі нұра мәдени шеңберіне жататынына қарамастан, алакөл және тағар параллельдері бар «еліктеу ыдыстарының» кездесуі андронов тарихи-мәдени қауымдастығы шеңберінде ауқымды мәдениетаралық байланыстар мен көші-қон үдерістері болғандығын тікелей айғақтайды. Бұған ыдыстарды әртүрлі ою-өрнек түрлеріне еліктейтін басқа мәдениеттердің тәсілдерімен безендіруді қолдану да дәлел болады. Қорытындылай келе, жүргізілген зерттеу жұмысы Шығыс Қазақстанның қыш-құмыра өндірісінің өзіндік ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн, онда консервативті жергілікті дәстүрлер де, динамикалық сыртқы әсерлер де көрініс тапқандығын аңғаруға болады. Алынған мәліметтер өзара мәдени қарым-қатыстар үдерістерін дәлірек жаңғыртуға жағдай жасайды жәнеде технологиялық парадигмалардың өзгеру кезеңдерін анықтауға септігін тигізіп, өңірдің қола дәуіріндегі дала және орманды-дала аймақтарындағы халықтың материалдық мәдениетінің хронологиялық эволюциясын бақылауға мүмкіндік береді.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Arslanova F. Pamyatniki andronovskoy kultury iz Vostochno-Kazakhstanskoy oblasti. Soviet Archeology. 1973. No.4, рр.160-168.
Arslanova F. Pogrebalnyy kompleks VIII-VII vekov do nashey ery iz Vostochnogo Kazakhstana Into the Depths of Centuries: An Archaeological Collection. Alma-Ata: Science. Kazakh SSR. 1974. Рp.46-61.
Arslanova F. Pogrebeniya epokhi bronzy Zevakinskogo mogilnika. Prehistoric Archaeology of Siberia. Leningrad: Science. 1975. Рp.73-78.
Bobrinskii A. O metodike izucheniya form glinyanoy posudy iz arkheologicheskikh raskopok. The Shapes of Clay Vessels as a Subject of Study. A Historical-Cultural Approach. Moscow: Institute of Archeologyof the RAS. 2018а. Рp.11-25.
Bobrinsky A. Podgotovka form sosudov k analiticheskomu izucheniyu. The Shapes of Clay Vessels as a Subject of Study. A Historical-Cultural Approach. Moscow: Institute of Archeology of the RAS. 2018b. Рp.39-40.
Bobrinskii A. Obolochki funktsionalnykh chastey glinyanoy posudy. The Shapes of Clay Vessels as a Subject of Study. A Historical-Cultural Approach. Moscow: Institute of Archeology of the RAS. 2018с. Рp.41-59.
Volkova Ye. Ob otnositel'noy ustoychivosti ornamental'nykh traditsiy v goncharstve (po materialam epokhi bronzy). Brief reports from the Institute of Archaeology. 2018. No.251, рp.96-109.
Zdanovich G. Keramika epokhi bronzy Severo-Kazakhstanskoy oblasti. Questions of the archaeology of the Urals. 1973. No.12, рp.21-43.
Zotova S. Kovrovye ornamenty andronovskoy keramiki. New Developments in Soviet Archaeology. Materials and Research on the Archaeology of the USSR. Moscow: Science. 1965. No.130. Рp.177-181.
Kovtun I. Andronovskiy ornament (morfologiya i mifologiya). Kazan: Kazan Real Estate. 2016. 547 р.
Poselenie Mochishche i andronovskaya problema. S. Grigoriev, L. Petrova, M. Pleshanov, E. Gushchina, Yu. Vasina. Chelyabinsk: Cicero. 2018. 398 р.
Rudkovsky I. Andronovskaya ornamentika v kontekste sistemoobrazuyushchikh invariantov. Almaty: Hikari Publ. 2013. 189 р.
Savko I., Kholoshin P., Demin M., Sitnikov S. Analiz form glinyanykh sosudov mogil'nika Chekanovskiy Log-2 andronovskoy (fedorovskoy) kul'tury predgoriy Altaya. Bulletin of Archeology, Anthropology and Ethnography. 2023. No.1(60), рp.32-44. DOI: https://doi.org/10.20874/2071-0437-2023-60-1-3
Sukhanov Ye. Ob ustoychivosti funktsional'nykh chastey glinyanykh sosudov: (Eksperimental'noye issledovaniye). «History of Ceramics» Bulletin. No.3. Ed. by Yu. Tsetlin. Moscow: Institute of Archeology of the Russian Academy of Sciences. 2021. Рp.116–143.
Tkachev N. Tkachev A. Epokha bronzy Verkhnego Priirtyshya. Institute of Problems of Northern Development. Novosibirsk: Science. 2008. 304 р.
Kholoshin P. Opyt izucheniya velichiny sluchaynykh kolebaniy funktsional'nykh chastey sosudov. New Materials and Methods in Archaeological Research: From Source Criticism to Data Synthesis and Interpretation: Materials of the International Conference of Young Scientists. Ed. V.Ye. Rodinkova. Moscow: Institute of Archeology of the Russian Academy of Sciences. 2019. Рp.204-206.
Tsetlin Yu. Drevnyaya keramika. Teoriya i metody istoriko-kulturnogo podkhoda. Moscow: Institute of Archeology of the Russian Academy of Sciences. 2012. 384 р.
Tsetlin Yu. Ponyatiya «kachestva» dlya analiza obema sosudov. Brief Communications of the Institute of Archaeology. Moscow: Languages of Slavic Culture: Sign. 2015. No.239. Рp.393-408.
Tsetlin Yu. Ob obshchem podkhode i metodike sistemnogo izucheniya form sosudov. Forms of Clay Vessels as a Subject of Study. Historical and Cultural Approach. Moscow: Institute of Archeology of the Russian Academy of Sciences. 2018. Рp.124-179.
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Д. Шаймуханова, Р. Жуматаев

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.












