Мырзағазы Есполовтың Түркістан АКСР-дағы аграрлық саясатты жүзеге асыруға қатысуы
Ғылыми мақала
Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 157 / PDF жүктеулері: 9DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-129X-2026-154-1-138-159Түйін сөздер:
Түркжерхалкомы, аграрлық саясат, Есполов, жер-су реформасы, Түркістан АКСР, ТүрОАКАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – архив дереккөздерін кешенді талдау негізінде 1920-жылдардың басында Ташкент қаласында Мырзағазы Есполовтың қоғамдық-саяси қызметін айқындау, сондай-ақ оның Түркістан АКСР-інің Жер халық комиссариаты (Жер халкомы) жүйесіндегі рөлін, басқарушылық ұстанымдарын және ұлттық мүдделерді қорғау бағытындағы қызметінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда ашып көрсету. Зерттеудің міндеттері: Түркістан АКСР-інде аграрлық саясаттың қалыптасу үдерісін және Жер халық комиссариатының қызметінің институционалдық негіздерін талдау; Мырзағазы Есполовтың Ташкент қаласындағы қызметтік мәртебесі мен атқарған лауазымдарын анықтау; Мырзағазы Есполовтың қоғамдық-саяси қызметінің ерекшеліктерін және оның ұлттық интеллигенция өкілі ретіндегі рөлін ашып көрсету. Мырзағазы Есполов – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның саяси дамуына елеулі үлес қосқан Алаш қозғалысының қайраткері. Зерттеуде оның Түркістан Орталық Атқару Комитетінің (ТүрОАК) мүшесі әрі Жер халық комиссариатының жауапты қызметкері ретінде Ташкент қаласындағы қызметіне ерекше назар аударылады. Есполовтың жер мәселесіне қатысты негізгі шешімдерді әзірлеу мен талқылауға қатысуы, соның ішінде жерге орналастыру саласындағы практикалық қызметі мен жерге орналастыру экспедицияларын ұйымдастырудағы рөлі қарастырылады. Аталған зерттеудің өзектілігі Түркістан АКСР-інде жер саясатын іске асыру үдерісіндегі ұлттық интеллигенцияның рөлін терең талдау қажеттілігімен айқындалады. Мырзағазы Есполовтың Жер халкомы мен ТүрОАК жүйесіндегі қызметін қарастыру орталық директивалар мен өңірлік практиканың өзара ықпалдасу ерекшеліктерін анықтауға, сондай-ақ ерте кеңестік кезеңде ауыл шаруашылығын социалистік қайта құру үдерісіне ұлттық кадрлардың қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, Мырзағазы Есполов жаңа тарихи жағдайларға бейімделіп қана қоймай, олардың қалыптасуына белсенді түрде қатысқан тұлға ретінде қарастырылады. Зерттеудің деректік негізін ТүрОАК пленумдарының хаттамалары мен стенографиялық есептері, Жер халкомы құжаттары, жерге орналастыру экспедицияларының материалдары, қызметтік баяндамалар және Мырзағазы Есполовтың жеке ісі құрайды. Аталған дереккөздерді талдау оның қызметінің айқын қоғамдық-саяси сипатқа ие болғанын және жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайында аграрлық саясатты жергілікті халықтың мүддесіне сай түзетуге бағытталғанын көрсетеді. Мақалада Мырзағазы Есполовтың тек әкімшілік қызметкер ретінде ғана емес, ұлттық интеллигенция өкілі ретінде де аграрлық қайта құруларды әлеуметтік тұрақтандыру құралы ретінде пайдалануға ұмтылғаны дәлелденеді. Қорытындысында Мырзағазы Есполовтың қызметі тар ведомстволық шеңберден шығып, Түркістан АКСР-індегі аграрлық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға ұлттық кадрлардың кеңінен қатысу үдерісін көрсететіні атап өтіледі.
Downloads
Әдебиеттер тізімі
Cameron S. The Hungry Steppe. Famine, Violence, and the Making of Soviet Kazakhstan. Ithaca: Cornell University Press. 2018. 294 р. DOI: https://doi.org/10.7591/cornell/9781501730436.001.0001
Oralbekova A. Land reforms of the soviet period and the position of the Kazakh intelligentsia. Bulletin of Shakarim university. Historical Sciences Series. 2025. Vol.1, no.1, pp.95-111.
Pianciola N. Decoloniser L’Asie Centrale? Bolsheviks et colons au Semirec’e (1920-1922). Cahiers du monde russe. 2008. No.49/1, pр.101-143. https://doi.org/10.4000/monderusse.9121 DOI: https://doi.org/10.4000/monderusse.9121
Vladimirsky I. The laboratory of the bolshevik economic experience: 1921-1922 reforms on land and water usage in Kazakhstan. Al-Farabi Kazakh National University. Journal of history. 2025. No.118(3), pp.4-15. https://doi.org/10.26577/JH202511831 DOI: https://doi.org/10.26577/JH202511831
Abdurakhmanov N.A. Iz istorii politiki zemleustroistva kazakhskogo naseleniia v 1917-1927 gg. Rol natsionalnoi intelligentsii v razreshenii zemelnogo voprosa. Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy series. 2014. No.4(76), рр.26-33.
Aq jol (gazetı) (Gazeta Ak zhol). 3 tom. Qūrast. H. Esenqaraqyzy. Nūr-Sūltan: «Alaşorda» Public Foundation. 2020. 384 р.
Alaş kösemsözı. Şolpan. (Slovo Alash. Sholpan). 1 tom. Almaty: Art Publ. 2010. 352 р. (in Kazakh)
Alaş kösemsözı. Şolpan. (Slovo Alash. Sholpan). 2 tom. Almaty: Art Publ. 2010. 360 р.
Alashskoe delo 1920-1930 gg. Dokumenty i materialy sledstvennogo dela, sfabrikovannogo OGPU. Tom pervyi: Turgaiskoe delo. 1922-1926 gg. Sost.: M. Koigeldiev, Z. Myrzataeva, R. Mirzakulova. Almaty: LEM Publ. 2022. 984 р.
Aminova R. Agrarnaia politika Sovetskoi vlasti v Uzbekistane (1917-1920 gg.). Tashkent: Publishing House of the Academy of Sciences of the Uzbek SSR. 1963. 343 р.
Bagriantsev A., Beisenov S., Vilenskii E.L. Sovetskoe stroitelstvo v aulakh i selakh Semirechia. 1921-1925 gg. Tom 1. Alma Ata: Kazgosizdat. 1957. 283 р.
Bulatova D. Espolov. 90 let spustia: Zabytaia glava Alash-Ordy. Almaty: Hope. 2013. 232 p.
Dakhshleiger G.F. Sotsialno-ekonomicheskie preobrazovaniia v aule i derevne Kazakhstana (1921-1929 gg.). Alma-Ata. 1965. 536 р.
Esboluly M. Türkıstandağy kelımsekter ornağan audandardağy jer mäselesı. (Zemelnyi vopros v raionakh Turkestana, zaselennykh pereselentsami). Tashkent. 1923. 50 р.
Ismagulov U., Ismagulova D. Qazaqstanda jer normasyn jasaqtau jäne jer qoryn anyqtau mäselelerı (1917-1930 jj.). Otan tarihy. 2022. No.4 (100), рр.122-131. https://doi.org/10.51943/1814-6961_2022_4_121 DOI: https://doi.org/10.51943/1814-6961_2022_4_121
Nurpeisov K. Krestianskie Sovety Kazakhstana v 1917-1929 gg. (Istoriia organizatsii, ukrepleniia i prakticheskoi deiatelnosti aulnykh sovetov): Abstract of the Doctoral Disser. in Historical Sciences. Alma-Ata. 1973. 143 р.
Pervyi Kraevoi Sieezd kirgizskoi bednoty Turkestanskoi Respubliki. g. Aulie-Ata, ianvar 1921 goda. Tashkent: Published by TurkGosIzdat. 1922. 32 р.
Sotsialisticheskoe pereustroistvo selskogo khoziaistva v Uzbekistane (1917-1926 gg.). Collection of documents. Ed. by. Jamalova O., Aminova R., Juraeva T. Tashkent: Publishing House of the Academy of Sciences of the Uzbek SSR. 1962. 794 р.
Tastekova G., Alpysbes M., and Urakov D. Myrzağazy Espolov – Alaş qairatkerı. Electronic scientific journal edu.e-history.kz. 2023. Vol.10, no.3, pp.815-829.
Chupekov A. Pervye meropriiatiia Sovetskoi vlasti po resheniiu agrarnogo voprosa v Kazakhstane (1920-1925 gg.). Scientific Notes of the Kazakh University. The series Is Historica. 1961. Vol.48, no.7, рр.113-120.
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Г. Тастекова, Д. Панто

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.












