Іле Алатауындағы Шағатайлық екі кесене жөнінде (археологиялық зерттеулер негізінде)

Ғылыми мақала

Қаралымдар: 57 / PDF жүктеулері: 27

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-153-4-45-58

Түйін сөздер:

Шағатайхан, Тұғылық Темір, Манас, Дәуітбек, кесене, мазар, портал, архитектура, Алатау, Тараз
Жүктеп алу PDF файлын жүктеп алу

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғ. бас кезінде бейнелері (бірі сурет, екіншісі фотография) кездейсоқ кітапқа түскен Іле Алатауындағы екі ортағасырлық кесенелер сөз болады. Бұл кесенелер бұған дейін назардан тыс қалып келген. Кесенелердің архитектуралық сипаты, өзара ұқсастықтары сипатталады. Олардың архитектурасы іргелес аймақтағы Тұғылық Темір, Манас күмбезі секілді басқа кесенелермен салыстыра отырып зерттелінеді. Екі кесененің бір архитектуралық стильге жататыны анықталып, олардың өзіндік ерекшеліктері Алтын Ордалық ескерткіштермен салыстырылады. Ортағасырлық Тараз қаласындағы шағатайлық Тектұрмас және Дәуітбек кесенелерінің архитектуралық сипаты келтіріледі. Екі кесене өлкедегі көне архитектураны зерттеуде қосар үлесі өте маңызды. Бұл кесенелер өлкедегі ортағасырлық кезеңінің ақтаңдағын толтырып қана қоймайды, сонымен бірге зерттеушілер үшін шағатайлық сәулет өнерінің өзіндік ерекшеліктерін дәлелдейді. Сонымен қатар бұл шағатайлық кесенелердің аймақтағы қазақ зираттарына тигізген ықпалы анықталады. Шағатайлық кесенелер жергілікті зираттарда порталды күмбезді құрылыстардың пайда болуына әсер еткен. Дегенмен түбегейлі ықпал ете қоймаған. Шағатайлық кесенелер тұрған өңірде ғана болмаса, Іле Алатауында дәстүрлі көпқырлы мазарлар тұрғызу өз қалпын жоғалтпаған. Мақалада жергілікті қазақ зираттарының да өзіндік архитектурасы, түрлері және олардың шығу тегі сөз болады. Іле Алатауы бойының ХІХ ғ. және ХХ ғ. бас кезіндегі зират құрылыстары көп түрлі. Ең көп тараған түрі – пішіні қарапайым ғана келген, саз аралас жұмыр тастардан тұратын қабір үсті үйіндісі. Жамбыл ауданы жерінде жиі ұшырасатын жерлеу түрінің бірі – пішіні төртбұрышты келген, әулетттік үлкен қоршаулар. Архитектуралық сипаты бар түрлеріне келетін болсақ, ХІХ ғ. өлкеде күмбезді келген төрт бұрышты және алты бұрышты (кейде сегіз, жеті) күмбезді мазарларды айтуға болады. Күмбезді төртбұрышты (куб үстіндегі күмбез) мазар түрінің ең көп тараған аймағы Жамбыл ауданы екені байқалады. Сонымен бірге бұл құрылыстың порталды түрлері де кездеседі. Бұл ХХ ғ. бас кезіндегі суреттерден жақсы байқалады. Мазардың көпқырлы (немесе көп бұрышты) түрінің кең тараған аймағы Кеген, Райымбек аудандары аймағы. Пішіні төрт бұрышты немесе алты бұрышты ағаштан тұрғызылған зират түрлері де кездеседі. Дегенмен көп емес. Жиі орын алатын дала өрті кезінде ағаш зираттардың жанып кеткені туралы ел арасында мәліметтер сақталған. Іле Алатауы бойындағы қазақ зираттарының көп қырлы келуі түп негізі ағаш болғанын көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • O. Ошанов, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Алматы, Қазақстан

    аға ғылыми қызметкер

Әдебиеттер тізімі

Baipakov K., Voyakin D. Srednevekovyy gorod Kayalyk. Almaty. 2007. 224 p.

Bartold V. O dvukh arabskikh nadpisyakh Auliatinskogo uyezda. Works. Studies in Archaeology, Numismatics, Epigraphy and Ethnography. Moscow: Nauka. 1966. Vol.IV. P.307–308.

Bernshtam A. Arhitekturnye pamyatniki Kirgizii. Moscow–Leningrad: USSR Academy of Sciences. 1950. 148 p.

Bernshtam N. Mazar Manasa. Frunze: Kirgosizdat Publ. 1946. 95 p.

Valikhanov Ch. O kirgiz-kaysatskikh mogilakh (molakh) i drevnostyakh voobshche. Collected Works in 5 vol. Vol.1. Alma-Ata: Chief Editorial Office of the Kazakh Soviet Encyclopedia. 1984. 432 p.

Gins G. V kirgizskikh aulakh (Ocherki iz poezdki po Semirech’ju). Historical bulletin. 1913. No.10, рp.285-332. (in Russian).

Dzhumagulov Ch. Epigrafika Kirgizii. Is.3. Frunze. 1987. 168 p.

Kastan'ye I. Nadgrobnıe soorujenıa kіrgіzskіh stepeı. In: Proceedings of the Orenburg Scholarly Archival Commission. Issue 26. Orenburg: Printing House of the Turgay Regional Administration. 1911. 104 p.

Pantusov N. Gorod Almalık jаne Mazar-Tugluq-Timur-hanа. In: Kaufman Collection (published in memory of the 25th anniversary of the death of the conqueror and organizer of the Turkistan Region). Moscow. 1910. Рp.161–188.

Senigova T. Srednevekovyy Taraz. Almaty: Nauka. 1972. 219 p.

Жарияланды

2025-11-21

Журналдың саны

Бөлім

АРХЕОЛОГИЯ