<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<!DOCTYPE article PUBLIC "-//NLM//DTD JATS (Z39.96) Journal Publishing DTD v1.3 20210610//EN" "https://jats.nlm.nih.gov/publishing/1.3/JATS-journalpublishing1-3.dtd">
<article dtd-version="1.3" xml:lang="kk" article-type="research-article" xmlns:mml="http://www.w3.org/1998/Math/MathML" xmlns:xlink="http://www.w3.org/1999/xlink" xmlns:xsi="http://www.w3.org/2001/XMLSchema-instance">
  <processing-meta tagset-family="jats" base-tagset="publishing" mathml-version="2.0" table-model="xhtml"/>
  <front>
    <journal-meta>
      <journal-id journal-id-type="publisher">jHistory</journal-id>
      <journal-title-group>
        <journal-title>Gumilyov Journal of History </journal-title>
      </journal-title-group>
      <issn publication-format="print">3080-129X</issn>
      <issn publication-format="electronic">3080-6860</issn>
      <publisher>
        <publisher-name>L.N. Gumilyov Eurasian National University</publisher-name>
      </publisher>
    </journal-meta>
    <article-meta>
      <article-id pub-id-type="publisher-id">185</article-id>
      <article-id pub-id-type="doi">10.32523/3080-129X-2026-156-3-115-138</article-id>
      <article-categories>
        <subj-group subj-group-type="heading" xml:lang="en">
          <subject>DOMESTIC HISTORY</subject>
        </subj-group>
        <subj-group subj-group-type="heading" xml:lang="ru">
          <subject>ОТЕЧЕСТВЕННАЯ ИСТОРИЯ</subject>
        </subj-group>
        <subj-group subj-group-type="heading" xml:lang="kk">
          <subject>ОТАН ТАРИХЫ </subject>
        </subj-group>
      </article-categories>
      <title-group>
        <article-title xml:lang="kk">Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегінің кейбір дереккөздері Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегінің кейбір дереккөздері</article-title>
        <subtitle xml:lang="kk">Ғылыми мақала</subtitle>
      </title-group>
      <contrib-group>
        <contrib contrib-type="author">
          <contrib-id contrib-id-type="orcid">0000-0002-6507-4364</contrib-id>
          <name>
            <surname>Ильясова</surname>
            <given-names>З.</given-names>
          </name>
          <aff>Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилёва, Астана, Казахстан</aff>
          <email>zibagulilyasova@gmail.com</email>
        </contrib>
        <contrib contrib-type="author">
          <contrib-id contrib-id-type="orcid">0000-0002-6507-4364</contrib-id>
          <name>
            <surname>Атыгаев</surname>
            <given-names>Н.</given-names>
          </name>
          <aff>Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан</aff>
          <email>nuratygaev@mail.ru</email>
        </contrib>
      </contrib-group>
      <pub-date date-type="pub" publication-format="electronic">
        <day>10</day>
        <month>09</month>
        <year>2026</year>
      </pub-date>
      <volume>156</volume>
      <issue>3</issue>
      <fpage>115</fpage>
      <lpage>138</lpage>
      <history>
        <date date-type="received">
          <day>20</day>
          <month>03</month>
          <year>2026</year>
        </date>
        <date date-type="accepted">
          <day>01</day>
          <month>05</month>
          <year>2026</year>
        </date>
      </history>
      <permissions>
        <copyright-year>2026</copyright-year>
        <copyright-holder>З. Ильясов, Н. Атығаев</copyright-holder>
        <license xlink:href="https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/">
          <license-p>https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/</license-p>
        </license>
      </permissions>
      <self-uri xlink:href="https://jhistory.enu.kz/index.php/jHistory/article/view/185"/>
      <abstract xml:lang="kk">
        <p>Мақалада XIX ғасырдың екінші жартысында – XX ғасыр басында өмір сүрген тарихшы-ғалым, этнограф, діни қайраткер Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” атты еңбегінің деректік негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аталған шығармадағы Қазақстан тарихына қатысты бөлімдерде автордың пайдаланған жазба дереккөздерді анықтап, олардың отандық тарих үшін ғылыми маңызын көрсету. Революцияға дейінгі Қазақстанның мәдениет тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі, ұлы Абайдың жерлесі мен замандасы, ғалым, діни қайраткер – Құрбанғали Халиди. Ол Қазақстанның шығысындағы Аягөз қаласында татар отбасында 1846 жылы дүниеге келіп, 1913 жылы қазіргі Қытай аумағындағы Шәуешек қаласында қайтыс болды. Құрбанғали Халиди өз заманының өте білімді адамы, ол ғасырлар тоғысында қазақ тарихы мен мәдениетін зерттеп, “Тарих-и жарида-и жадида” (“Жаңа тарих жазбалары”) және “Тауарих-и хамса-и шарқи” (“Шығыстың бес елінің тарихы”) атты тарихи шығармалар жариялады. Бұл шығармалар XX ғасырдың басындағы тарихи танымын көрсететін маңызды еңбектер. Әсіресе Құрбанғали Халидидің 1910 жылы Қазан қаласында басылып шыққан “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегін ерекше атап өту керек. Бұл еңбек – Еуразияның далалық аймағын мекен еткен түркі халықтарының тарихы, тарихи географиясы, этнографиясы, рухани және материалды мәдениеті туралы құнды мәліметтер беретін маңызды дереккөз болып табылады. Құрбанғали Халиди шығармасын ортағасырлық шағатай тіліндегі жазба мұраларды негізге алып, жаңа замандағы түрік халықтарының «ортақ тілде» жазды. Сонымен қатар шығармада автор араб-парсы тілдерінің қадыми ғылыми терминдерін барынша еркін қолданды (Т. Жұртбай). Құрбанғали Халидидің өзі де, оның “Тауарих-и хамса-и шарқи” шығармасы да ұзақ уақыт отандық тарихнамада аз белгілі болды. Оған кеңес заманындағы идеологиямен қатар, шығарманың тілі және оның араб графикасында жазылғаны да әсер етті. Тек Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін “Тауарих-и хамса-и шарқи” арнайы зерттеу объектісіне айналды. 1992 жылы алғаш рет Құрбанғали Халидидың шығармасының қазіргі қазақ тіліндегі қысқартылған аудармасы баспадан шығып, еңбек ғылыми айналымға ене бастады. Ғалым мен оның жазба мұрасына арналған  ғылыми зерттеулер жарияланды. Зерттеу барысында Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегіндегі Қазақстан тарихына қатысты мәліметтер ортағасырлық және Жаңа заман ғалымдарының тарихи еңбектердегі мәліметтермен салыстырылды. Нәтижесінде автор өз еңбегінде ат-Табаридің (X ғ.) “Тарих ар-русул уә-л-мулук”, Ибн Халдунның (XV ғ.) “Китаб әл-‘ибар”, Мирхондтың (XV ғ.) “Раузат ас-сафа”, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың (XVI ғ.) Тарих-и Рашиди, Нишанджы-заденің (XVII ғ.) “Мир’ ату-л-кә’инәт”, Кәтиб Челебидің (XVII ғ.) “Жиһаннама”, Әбілғазы баһадүр ханның (XVII ғ.) “Шаджара-йи түрк”, Шиһабуддин Маржанидің (XIX ғ.) “Мустафад әл-ахбар” шығармаларының мәліметтерін пайдаланғаны анықталды. Зерттеуде Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегінде пайдаланған, авторының аты-жөні көрсетілмеген “Жаһаннама” шығармасы белгілі османлық ғалым Кәтиб Челебиге тиесілі екені анықталып, еңбектің деректанулық негізі көрсетілді. Нәтижесінде Қ. Халидидің ортағасырлық мұсылман және түркі тарихшыларының еңбектеріне сүйене отырып, өзіндік синтетикалық тарихи еңбек жасағаны анықталды. Сонымен қатар оның еңбегінің деректанулық, тарихнамалық құндылығы айқындалды.</p>
      </abstract>
      <kwd-group xml:lang="en">
        <kwd>Kurbangali Khalidi</kwd>
        <kwd>Tawarikh-i hamsa-i sharqi</kwd>
        <kwd>history</kwd>
        <kwd> Ibn Khaldun</kwd>
        <kwd>Katib Chelebi</kwd>
        <kwd> Mirza Muhammad Haidar Duglat </kwd>
      </kwd-group>
      <kwd-group xml:lang="kk">
        <kwd>Құрбанғали Халиди</kwd>
        <kwd>Тауарих-и хамса-и шарқи</kwd>
        <kwd>тарих</kwd>
        <kwd>Ибн Халдун</kwd>
        <kwd>Кәтиб Челеби</kwd>
        <kwd>Мырза Мухаммед Хайдар Дулати</kwd>
      </kwd-group>
      <kwd-group xml:lang="ru">
        <kwd>Курбангали Халиди</kwd>
        <kwd>Тауарих-и хамса-и шарки</kwd>
        <kwd>история</kwd>
        <kwd>Ибн Халдун</kwd>
        <kwd> Катиб Челеби</kwd>
        <kwd>Мирза Мухаммад Хайдар Дулати</kwd>
      </kwd-group>
    </article-meta>
  </front>
  <body>
    <p>Full text is available in PDF format.</p>
  </body>
  <back/>
</article>
