<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<!DOCTYPE article PUBLIC "-//NLM//DTD JATS (Z39.96) Journal Publishing DTD v1.3 20210610//EN" "https://jats.nlm.nih.gov/publishing/1.3/JATS-journalpublishing1-3.dtd">
<article dtd-version="1.3" xml:lang="kk" article-type="research-article" xmlns:mml="http://www.w3.org/1998/Math/MathML" xmlns:xlink="http://www.w3.org/1999/xlink" xmlns:xsi="http://www.w3.org/2001/XMLSchema-instance">
  <processing-meta tagset-family="jats" base-tagset="publishing" mathml-version="2.0" table-model="xhtml"/>
  <front>
    <journal-meta>
      <journal-id journal-id-type="publisher">jHistory</journal-id>
      <journal-title-group>
        <journal-title>Gumilyov Journal of History </journal-title>
      </journal-title-group>
      <issn publication-format="print">3080-129X</issn>
      <issn publication-format="electronic">3080-6860</issn>
      <publisher>
        <publisher-name>L.N. Gumilyov Eurasian National University</publisher-name>
      </publisher>
    </journal-meta>
    <article-meta>
      <article-id pub-id-type="publisher-id">35</article-id>
      <article-id pub-id-type="doi">10.32523/3080-129X-2025-151-2-103-124</article-id>
      <article-categories>
        <subj-group subj-group-type="heading" xml:lang="en">
          <subject>DOMESTIC HISTORY</subject>
        </subj-group>
        <subj-group subj-group-type="heading" xml:lang="ru">
          <subject>ОТЕЧЕСТВЕННАЯ ИСТОРИЯ</subject>
        </subj-group>
        <subj-group subj-group-type="heading" xml:lang="kk">
          <subject>ОТАН ТАРИХЫ </subject>
        </subj-group>
      </article-categories>
      <title-group>
        <article-title xml:lang="kk">Жала мен жаза: әйелдер тағдырында</article-title>
        <subtitle xml:lang="kk">Ғылыми мақала</subtitle>
      </title-group>
      <contrib-group>
        <contrib contrib-type="author">
          <contrib-id contrib-id-type="orcid">0009-0002-4398-5076</contrib-id>
          <name>
            <surname>Нурымбетова</surname>
            <given-names>Г.</given-names>
          </name>
          <aff>Архив Президента Республики Казахстан,  Алматы, Казахстан</aff>
          <email>gulshat_nurymbet@mail.ru</email>
        </contrib>
        <contrib contrib-type="author">
          <contrib-id contrib-id-type="orcid">0000-0002-8856-7612</contrib-id>
          <name>
            <surname>Балгазина</surname>
            <given-names>Б.</given-names>
          </name>
          <aff>Архив Президента Республики Казахстан, Астана, Казахстан</aff>
          <email>bakhitgul555@mail.ru</email>
        </contrib>
      </contrib-group>
      <pub-date date-type="pub" publication-format="electronic">
        <day>16</day>
        <month>06</month>
        <year>2025</year>
      </pub-date>
      <fpage>103</fpage>
      <lpage>124</lpage>
      <history>
        <date date-type="received">
          <day>24</day>
          <month>03</month>
          <year>2025</year>
        </date>
        <date date-type="accepted">
          <day>03</day>
          <month>05</month>
          <year>2025</year>
        </date>
      </history>
      <permissions>
        <copyright-year>2025</copyright-year>
        <copyright-holder>Г. Нурымбетова, Б. Балгазина </copyright-holder>
        <license xlink:href="https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/">
          <license-p>https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/</license-p>
        </license>
      </permissions>
      <self-uri xlink:href="https://jhistory.enu.kz/index.php/jHistory/article/view/35"/>
      <abstract xml:lang="kk">
        <p>Қазақстанның кеңестік жылдарғы тарихы мен тағдыры ақтаңдақтарға және қайшылықтарға толы. Олар жайлы толымды да, батыл сөздер қайта құру жылдарында айтыла бастады. Зерттеу үдерісі мен ауқымы тәуелсіздік тұсында айтарлықтай ұлғайды. Бұл орайдағы ұлы бетбұрыс 1989 жылы А. Байтұрсынұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Дулатұлының ақталуы екені сөзсіз.  Келесі шешуші қадам ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған қуғын–сүргін құрбандарын толық ақтау үдерісін бастау болып табылады.Тақ ырыптың өзектілігі Отан тарихын ақтаңдақтардан арылтумен анықталады. Тарих ғылымының қасиеті мен құдыреті ақиқатты айта алуында. Соңғы 5 жыл ішінде 311 мың Қазақстан азаматы толық ақталды. Демек, миллиондаған әулет пен отбасы аталары, әкелері, әжелері мен бауырлары қашан, не үшін, қайда өмір жолдары аяқталғанын білді, тарихи санасын дұрыс қалыптастыруға, отансүйгіш сезімін нығайтуға мүмкіндік алды. Мәселеге қоғам тарапынан да, зерттеушілер тарапынан да сұраныс жоғары.  Оның басты себебі саяси қуғын–сүргін материалдарының ұзақ жылдар зерттеушілер үшін жабық, құпия сақталуына байланысты. Тіптен саяси қуғын–сүргін құрбандары, олардың ұрпақтары ақиқатқа қол жеткізе алмай, шындықты айта алмай өмірден өтті. Біздің ойымызша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның арнайы мемлекеттік архивтерінде «құпия», «аса құпия» грифімен сақталған саяси қуғын–сүргін материалдары пердесінің ашылуы мәселенің күн тәртібінен түспеуіне негіз болып отыр. Зерттеудің мақсаты 1937–1938 жылдарда орын алған «Үлкен террор» тұсында «Отанын сатқан отбасы мүшесі» айыбымен қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің қасіретті тағдырын архивтік құжаттар негізінде зерделеу. Зерттеудің деректік негізін Қазақстан Республикасы Президенті Архивіне 2022-2023 жылдары ІІМ, ҰҚК мен Бас прокуратураның арнаулы мемлекеттік архивтерінен қабылданған архивтік қылмыстық-тергеу істері және Карлагта жазасын өтеген әйелдердің жеке істері құрайды. Бұл құжаттардың негізгі дені ғылыми айналымға алғаш рет еніп отыр.Қорғансыздың күйін кешкен әйелдердің, соның  ішінде Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы Ұ. Құлымбетовтің әйелі Ә.Құлымбетованың, белгілі жазушы Б.Майлиннің әйелі К. Майлинаның, ҚазССР сауда наркомы, кейін ішкі сауда наркомы қызметтерін атқарған Ш. Дивеевтің әйелі Ф. Дивееваның, Алаш қозғалысының белсендісі, совет өкіметі тұсында Алматы қ. хайуанаттар паркінің директоры қызметін атқарған М. Төлебаевтың әйелі Х. Төлебаева-Жүнісбаеваның  жазықсыздан жазықсыз 5-8 жылға дейін еңбекпен түзеу лагерлеріне айдалғаны архивтік құжаттар негізінде жан-жақты зерделенген. Бұл әйелдердің тағдыры ортақ «Отанын сатқан отбасы мүшесі» болғаны. Қуғындау саясатының ана мен баланы айырып, оларды зар жылатқаны Б. Майлин балаларының тағдыры негізінде көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде архивтік қылмыстық-тергеу істерінің құрамы бір тектес құжаттардан тұратыны анықталды. Алайда бұл істер жекелеген отбасылар басына түскен қасіреттің дәлелі мен дәйегі, бұл өз кезегінде отбасы тарихын, әулет тарихын зерттеуге негіз болады.  Құжаттарды сын көзбен зерделеу арқылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің барлығына бірдей жалған айып тағылып, жазықсыз жазаланғанына көз жеткіздік.  Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргіннің жоспарлы түрде жүзеге асқаны негізделді.</p>
      </abstract>
      <kwd-group xml:lang="kk">
        <kwd>ІІХК</kwd>
        <kwd>архивтік құжаттар</kwd>
        <kwd>отанын сатқан отбасы мүшелері</kwd>
        <kwd>саяси қуғын-сүргін</kwd>
        <kwd>халық жауы</kwd>
      </kwd-group>
      <kwd-group xml:lang="en">
        <kwd>political repression</kwd>
        <kwd>archival documents</kwd>
        <kwd>NKVD</kwd>
        <kwd>family member of a traitor to the Motherland</kwd>
        <kwd>enemies of the people</kwd>
        <kwd>suffering</kwd>
      </kwd-group>
      <kwd-group xml:lang="ru">
        <kwd>политические репрессии</kwd>
        <kwd>архивные документы</kwd>
        <kwd>НКВД</kwd>
        <kwd>член семьи предателя Родины</kwd>
        <kwd>враги народа</kwd>
        <kwd>страдания</kwd>
      </kwd-group>
    </article-meta>
  </front>
  <body>
    <p>Full text is available in PDF format.</p>
  </body>
  <back/>
</article>
